«Отбасында біз бір-бірімізге кімбіз?»
«Отбасында біз бір-бірімізге кімбіз?»
Мен ата-ана — қызымын, сен -ұлысың,
Бұл сөздерде жасырын бар ұлы сыр.
Мен атамның немересі қылықты,
Сен немере жалғайтұғын ұлтты.
Мен ағамның қарындасы сүйікті,
Сен бауыры көтеретін рухты.
Мен әпкемнің сенетұғын еркесі,
Сен бауыры ойлайтын бар туысты.
Мен жездемнің қалжыңдасар балдызы,
Сен жеңгеңнің ең сүйікті қайнысы.
Нағашының жиенімін еркелер,
Сен жиенге нағашы боп серке бер.
Біз бөлелер — баласымыз қыздардың,
Бауыр — бала ағайынды ұлдардың.
Құда-жекжат мың жылдыққа жақының,
Аман болсын ағайын мен туысың!
#QAZAQSTAN30