Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алудың бір түрі

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі ата-аналарды, мұғалімдерді және қоғамды алаңдатып отыр. Сондықтан бұл құбылыстың әлеуметтік алдын алу әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметінде жетекші орын алуы маңызды.

Ал алдын алу жұмыстарында жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу нақты аумақтық деңгейде және түрлі мемлекеттік органдарда, мекемелерде, қоғамдық құрылымдарда тікелей айналысатыны бұрыннан белгілі.

Өскемен қ Үлбі Пб кәмелеттік істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Әбілгасенова Айжан Бақытжанқызы «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Басты тақырып қылмыстың алдын алу, телефондағы құмар ойындар, нашақорлық және қиын отбасылар жайлы болды. Әр тақырыпқа қысқаша тоқталатын болсақ:

  • Алдымен, бүгінгі таңда көптеген отбасында кездесетін құмар ойындарға деген тәуелділік қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылатыны айтылды. Құмар ойындарға тәуелділік — адамның компьютерлік, ұялы телефондардағы ойындарға тәуелділігі туралы әңгімені жиі естиміз. Әңгіменің бір бағыты – құмар ойындарға деген тәуелділіктің алдын алу. Оған құмар ойындарға деген құмарлық сезім мен компьютерлік ойындарға деген патологиялық тартымдылық тән.
  • -Нашақорлық дегеніміз не?
    — Нашақорлық — заманымыздың дауасыз індеті.
    — Нашақорлық – есірткі заттарды пайдалану.
    — Нашақорлық – психикалық ауру.
    Есірткіні ермек үшін пайдаланып көргісі келгендер азап торына қалай түсіп қалғанын өзі де білмей қалады.
    Нашақорлар – ауру адамдар, олар есірткі заттар үшін түрлі қылмыстар жасайды. Есірткі зат нашақордың барлық ақыл — ойын билеп алады. Мәселені шешудің негізгі жолы – жеке тұлға, әр адамның бойында шыдамдық пен есірткіге деген жеккөрушілік көзқарасты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әртүрлі есірткілерді қолданудың әсері мен салдары туралы шынайы ақпарат беру.

Балалар мен тәрбиешілер  өздерін толғандырған барлық  сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Білім ошағымызбен тұрақты ынтымақтастықта жұмыс жасап жүрген  полиция аға лейтенанты Абильгасенова Айжан Бақытжанқызына ерекше алғысымызды білдіреміз.