09.12.2022 жылы «Акниет » мектеп-интернатында «Мен — өз Отанымның патриотымын» атты ашық тәрбие сағатын педагог-тәрбиеші Турусбекова Кульзира Райыповна өткізді
09.12.2022 жылы «Акниет » мектеп-интернатында «Мен — өз Отанымның патриотымын» атты ашық тәрбие сағатын педагог-тәрбиеші Турусбекова Кульзира Райыповна өткізді.
Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты балаларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Олардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту арқылы тәрбиеленушілерді патриоттық, эстетикалық, адамгершілікке, өз ой-пікірін еркін жеткізуге тәрбиелеу болды.
Ашық сабаққа қонақ ретінде Шығыс Қазақстан Облысы бойынша
Германиядағы Кеңес әскері тобымен Варшава келісім шарты әскери тобы ардагерлерінің төрағасы Секен Қинаятұлы шақырылды.
Ол кісі өз сөзінде: «Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған -туысқаның. Отан — бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз»- деп өз ойын жеткізе білді.