Бүгін 16 қараша 2023жылы

ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ÖRKEN» ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ және СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ бірлесе өткізген «Білім беру ұйымдарында логопед, дефектологтердің кәсіби қызметін кешенді тәсіл арқылы ұйымдастыру» атты облыстағы білім беру ұйымдарының логопед, дефектологтердің кәсіби кездесуі болды.
Шараның мақсаты – логопед, дефектологтердің кәсіби маңыздылығын арттыру, оларды қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыста педагогтердің құзіреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Қатысушылар санаты: аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының инклюзивті білімге жетекшілік жасайтын әдіскерлер, мектепке дейіңгі, орта, арнайы білім беру ұйымдарының, оңалту орталығының, ППҚК педагогтері, логопед, дефектологтері, ППҚ педагогтері, студенттер.

Оларға Республикалық конкурс жеңімпаздары шеберлік сабақтарын көрсетті. «Ақ ниет» мектеп-интернатынан «Арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогы» 3-орын иегері: Лира Мұқаметханқызы «Тіл дамыту сабағында заманауи тиімді әдістерді қолдану» атты шеберлік сабағын көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды. Болашақта осындай танымдық іс-шаралар жалғасын таба берсін!