13.04.2022 КҮНІ ӨТКІЗІЛГЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ЗАМАН ТАЛАБЫ»

13.04.2022 күні өткізілген «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты ашық тәрбие сағатына 5,6,7,8-ші топ тәрбиеленушілері қатысты. Олардың негізін жеткіншектік кезеңдегі балалар құрайды. Тақырып балалардың жас ерекшеліктеріне сай және қазіргі уақытта тобымызда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Келген қонақтар психолог, педагог және инспектор өздерінің қатысуларымен өз тараптарынан ықпал жасау, ой салу, кеңес беру мақсатында шақырылды. Ашық тәрбие сағаты барысында сұрақ-жауап, пікірталас, көрініс көрсету, қимыл-қозғалыстағы сергіту сәті өткізілді. «Айтуға оңай» бағдарламасын негізге алып, топтағы қақтығыстар болған жағдайларда балалар өздеріне әділ баға беру, өз құқықтарын жетік білу, құқықтық сауаттылықтарын жан-жақты дамыту міндетті екені ескерілді. 11-15 сәуір аралығында «Мен және менің полицейім» акциясы аясында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Әлиқожа Ихрамқожаұлы Оспанов «Ақ ниетке» арнайы келіп, сұрақтарға толық жауап беріп, тәрбиеленушілерімізге қажетті, құнды кеңестер берді.