Ақ ниет мектеп-интернатында мектепішілік «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы өтті

Ақ ниет мектеп-интернатында мектепішілік «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқаудың басты міндеті: балалар жылы аясында балалардың өнерін шыңдау, шабытын шарықтату, сөз қадірін түсінуге тәрбиелеу, оқырмандық ой-өрісін кеңейту, көркем әдебиетке баулу, мәнерлеп әдеби сөйлеуді дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Байқау аясында өздері таңдаған прозалық шығармадан үзіндіні қазақ және орыс тілінде мәнерлеп оқыды. Байқауға қатысушыларды әділқазылар алқасы бағалады. Байқауда Бас жүлде, 1 орын алған сайыскерлер қашықтықтан қалалық мәнерлеп оқу сайысына жолдама алды.