Естеріңізге сала кетейік
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 1 қыркүйекте өткен Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, онда жаңа, әділетті Қазақстанды құру жөніндегі кезекті қадамдар белгіленді.
Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.
Жолдауда белгіленген реформалар азаматтардың сөз бостандығы мен жеке бастарының құқықтық нормаларына және ұлт мүддесін қорғайтын бастамаларға негізделген. Білім беру сапасын арттырудағы ерекшеліктер халық ойынан шықты. Осы тақырып аясында заманауи ұлттық мектеп, бәсекеге қабілетті медицина мамандарының, балабақша педагогтерінің мерейін өсіріп, мүдделерін қорғау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту, білімі мен біліктілігін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.