28 қыркүйек күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында, ұлағатты ұстаздар күні қарсаңында
28 қыркүйек күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында, ұлағатты ұстаздар күні қарсаңында, ШҚО облысының, атап айтқанда Глубокое, Ұлан, Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар, Риддер, Катон-Қарағай, Көкпекті, Жарма және Семей, Өскемен қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің директорлары және оның орынбасарларына “ШҚО бойынша кәсіби даму Институтының ”Өрлеу” Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы” АО филиалының тыңдаушыларымен бірлесе «Организация психолого-педагогического сопровождения в образовательном процессе специальной школы-интерната «Ақ ниет» в свете изменений НПА” атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел бағдарламасы бойынша, ең алдымен, мектеп директоры Кривицкая С.К. қатысушыларға алғы сөз арнады. Кейін мектеп-интернаттың білім беру қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия жасалды. Бастауыш сынып оқыту үрдісінде балалармен жұмыс жүргізу бойынша мұғалімдер күнделікті сабақтарынан үзінді көрсетті. Сондай-ақ, дефектолог мамандарының (логопед, сурдопедагог, дефектолог) жеке түзетушілік қолдау көрсету сабағынан үзінді көрсетілді. Ал қосымша білім беру педагогтары мастер-класс көрсетті. «Ақ ниеттің» педагог-тәрбиешілері өзіндік дайындық бөлмесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруды өте жоғары деңгейде көрсете білді.
Арнайы білім беру жағдайында ерекше қажеттілігі бар балаларды психолог-педагогикалық сүйемелдеу жұмыс тәжірибесімен мектеп директоры Кривицкая С.К және оқу ісі бойынша директор орынбасары Жалаушинова Л.М бөлісті. Ұйымдастырылған дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті және соңында барлық қатысушыларға ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда ескеру қажет жағдайлар мен ұсыныстар айтылды. «Ақ ниет» мектебінің ұстаздарына алғыс хаттар табыс етілді.