«Біз есірткі мен ЖИТС-ке қарсымыз!» акциясы

28 қарашада педагогтер тәрбиеленушілермен  бірге «Біз есірткі мен ЖИТС-ке қарсымыз!» акциясын өткізді.

Акция есірткіні тарату және қолдану проблемаларына, сондай-ақ олардың ағзаға әсері мен ЖИТС сияқты ауруға әкелетін зардаптарға қоғамның назарын аударуға бағытталған.

Балалар барлық зиянды дерттің  алдын алу үшін «Біз есірткіге қарсымыз! деген ұранмен «Сөздік портрет» ойыны барысында нашақордың портретін салып (темекі, алкоголь есірткіге тәуелді), оған қысқаша сипаттама беріп, оның қандай жақсы не жаман қасиеттері бар екенін жазып, өз жұмыстарын топ алдында қорғады.

Акцияның мақсаты – өз денсаулығын сақтаудың маңыздылығын жеткізу.

Нашақорлық мәселесін шешу қиын. Бүгінгі күні нашақорлықты емдеудің және пациенттерді оңалтудың жеткілікті тиімді әдістері, сондай-ақ осы процеске жаңа адамдарды тартудың алдын алу жолдары жоқ. Мәселені шешудің негізгі жолы – жеке тұлға, әр адамның бойында шыдамсыздық пен есірткіге деген жеккөрушілік көзқарасты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әртүрлі есірткілерді қолданудың әсері мен салдары туралы шынайы ақпарат беру.