25 қарашада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні және «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы басталды

25 қарашада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні және «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы басталды. Бұл науқан өзекті мәселелер туралы хабардар болу және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық туралы күрделі қоғамдық пікірталасқа қолдау көрсетудің таптырмас құралы болып табылады.

Осы мәселені  айқындау мақсатында «Ақ ниет» мектеп-интернатында гендерлік теңдік және әйелдер мен қыздардың құқықтарын арттыру апталығы өтті. Шара барысында «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Оларға гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін шешу жолдары мен мәселелерін талқылауға мүмкіндік берілді.

Физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздарға тап болатын зорлық-зомбылықтың жалғыз түрі емес. Психологиялық және экономикалық зорлық та қатты әсер етеді. Біз кез келген адам көшеде, өз үйінде, жұмыс орнында немесе интернетте қауіп төндіретін әлемнің бар болуына жол бере алмаймыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің адам құқықтары жөніндегі әрекетке шақыруында айтқандай, біз қазір гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтатуымыз керек.

Біз азаматтық қоғамның гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және жоюдағы жетекші рөлін мойындаймыз және оның осы саладағы күш-жігерін көтермелеп, қолдаймыз!