Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында 2 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кульгинов Алтай Сейдирович  «Ақ ниетте» қонақта болды.

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында 2 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кульгинов Алтай Сейдирович  «Ақ ниетте» қонақта болды. Облыс әкімі Д.К. Ахметовтың жетекшілігімен келген  қонақтар «Ақ ниет» базасында бастауыш мектепті бітіргеннен кейін оқушылардың 5-сыныпқа инклюзивті білім беруге көшуіне оқу үдерісінде қолайлы жағдай жасалғанын, сондай-ақ тұрмыстық жағдайлары, түзеу және медициналық қамтамасыз етілетінін ерекше атап өтті. Ұжым жұмысындағы маңызды бағыт – ерте кәсіптік бағдар беру және одан әрі кәсіптік білім беру мақсатында ерекше оқу түрін қажет  ететін балаларды қосымша білім беруге тарту.

Облыс орталығындағы колледждерде білім алып жатқан студенттермен  кездесу өте сәтті өтті. Алексей Журавлев пен Баширова Тұмар өздерінің IT-жобасымен таныстырса, гуманитарлық колледждің 2023 жылғы түлегі Меруерт Газраилова оқудағы жетістіктері мен алдына қойған  мақсаттары туралы  ойларымен бөлісті.

Даниал Кенжетаевич атап өткендей «Ақ ниетте» балалардың  алдымен мамандық алу мүмкіндігі мен ерте кәсіптік бағдар алуы маңызды.