30.11.2023 ж.мұғалім-логопед Қажибекова А.М. 2 “А” сынып оқушысымен “Менің туған өлкем” лексикалық тақырыбында «Ж дыбысының автоматизациясы» бойынша жеке ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында алдыға қойылған барлық міндеттер жүзеге асырылды.2 «А» сынып оқушысы барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Сабақта әртүрлі логопедиялық әдіс-тәсілдер қолданылды. Кәсіби сенсорлы “Ақылды айна” құрылғысы,нейроскакалка көмегімен жаттығулар жасап,оқылым мен жазылымға көңіл бөлінді.