04.06.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Автор: admin

    Қауіпсіздік ережесі: Адамдарды ұрлау және кепілге алу кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулары. (0-11 сынып, студенттер)
    16.01.2023



    ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп – интернаты» КММ бос лауазымға конкурс жариялайды: педагог-психолог-1,0 мөлшерлеме
    04.01.2023

    2022 жылдың 27 желтоқсанында «Ақ ниет» мектеп-интернатында бастауыш сыныптар арасында  жаңа жылдық шырша өтті
    28.12.2022

    2022 жылдың 27 желтоқсанында «Ақ ниет» мектеп-интернатында бастауыш сыныптар арасында  жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік шара жылы, шынайы атмосферада болды. Сондай-ақ, әдемі би мен әндер, қызықты ойындар ұйымдастырылып, тақпақтар айтылып,  көптен күткен Аяз ата мен Ақшақар келді.

    Қонақтар легін бастап келген «АМАНАТ» партиясының жауапты хатшысы Жұмаділова Сайрангүл Ахметкәрімқызы балаларды құттықтауға жылы лебізімен бірге бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табыс етті!

    Балаларды келе жатқан Жаңа жылымен құттықтаған әлеуметтік серіктестеріміз «ForteBank» АҚ және «Береке Банк» АҚ алғысымызды білдіреміз! Олар балаларға көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, сонымен қатар тамаша сыйлықтар сыйлады!

    25 желтоқсан күні жаңа жылдық әкім шыршасы салтанатты түрде өтіп, түрлі-түсті шоу-көрсетілімдер мен ойын-сауық ұйымдастырылды
    28.12.2022

    25 желтоқсан күні жаңа жылдық әкім шыршасы салтанатты түрде өтіп, түрлі-түсті шоу-көрсетілімдер мен ойын-сауық ұйымдастырылды. Облысымыздағы балаларға арнап мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлерінің қатысуымен жоғары деңгейде мерекелік бағдарлама өткізілді. Дарынды балалар шығармашылық ұжымдары өздерінің әртүрлі мерекелік нөмірлерін жарқырата орындап берді. «Ақ ниеттің» тәрбиеленушілері шыршаның барлық қонақтарымен бірге Аяз ата, Ақшақармен, сондай-ақ өткен және алдағы келер жылдың символдары — Жолбарыс пен Қоянға қосылып әдемі би биледі. Әрбір қатысушыға 150 000 теңгенің сертификаты табыс етілді, ол ақша ата-анасының жеке шотына аударылады.
    Балалардың жүзінен күлкі кетпеді, барлығы естелікке керемет фотосуреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйге қайтты. Барлық балаларды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтаймыз! Бала жүректегі сиқырға сенім жоғалмасын!

    Рақмет, саған Әліппе!
    26.12.2022

    1 желтоқсан күні 1 «Ә»  -сынып оқушыларының «Рақмет,саған Әліппе!»атты Әліппемен қоштасу  ертеңгілігі өтті. Осыдан 4  ай бұрын келген оқушылар бүгінде 42 әріпті меңгеріп, оқи алатын және жаза алатын нағыз оқушы атанды.

    Мерекелік іс-шараға ұстаздар, мектеп директоры Светлана Каримуллаевна,  оқу ісінің меңгерушісі Лира Мұхаметкановна қатысып, оқушылардың білімі мен өнерлерін тамашалады. Балаларға ақ жол тіледі!

    21 желтоқсан күні 1 «Ә»  -сынып оқушыларының » Рақмет,саған Әліппе!»атты Әліппемен қоштасу  ертеңгілігі өтті
    26.12.2022

    21 желтоқсан күні 1 «Ә»  -сынып оқушыларының » Рақмет,саған Әліппе!»атты Әліппемен қоштасу  ертеңгілігі өтті. Осыдан 4  ай бұрын келген оқушылар бүгінде 42 әріпті меңгеріп, оқи алатын және жаза алатын нағыз оқушы атанды.

    Мерекелік іс-шараға ұстаздар, мектеп директоры Светлана Каримуллаевна,  оқу ісінің меңгерушісі Лира Мұхаметкановна қатысып, оқушылардың білімі мен өнерлерін тамашалады.

    Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
    20.12.2022

    Балалар жылы аясында көру, есту мүшелері, қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Арыстанбай Бекзат І орын, Серікбек Айбар, Нұртай Назым ІІ орын, Баширова Ислана мен Нурланова Жанур ІІІ орын алғаны үшін мадақтама қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

    Туған күнің құтты болсын біздің сүйікті, «Ақ ниет»!
    19.12.2022

    12 желтоқсан күні «Ақ ниет» мектеп-интернаты 6-шы туған күнін қарсы алды. Тәрбиеленушілер мен педагогтер қауымы жылда әр туған күнді асыға күтеді. Соған орай 15.12.22 күні мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеде әсем ән мен күй, мың бұралған би де болды. Балалар өз өнерлерін аянбай ортаға салды. Бал-бұл жанған балалардың жүзінен бұл қуанышты күні күлкі арылмады. Құттықтау ақ тілектері мен мәнерлеп оқылған өлең жолдары әр жүректен орын тапты. Туған күнің құтты болсын біздің сүйікті, «Ақ ниет»!

    Учаскелік инспектордың педагогтермен кездесуі
    19.12.2022

    Өскемен қаласының ББ, Үлбі бөлімшесі
    13 желтоқсан күні кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Әбілғасенова Айжан Бақытжанқызы «Ақ ниет» мектеп-интернатының ұстаздарымен кездесті, әңгіме тақырыбы «Алаяқтықтың алдын алу» болды. Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі туралы бейнематериалдар барлық жұмыс және ата-аналар чатына алдын ала жіберіліп, таныстырылған.
    Алаяқтықтың ең көп таралған түрлері:
    1. Жарнама сайттары арқылы алаяқтық. Алаяқ сатушы.
    2. Жарнама сайттары арқылы алаяқтық. Алаяқ сатып алушы.
    3. Әлеуметтік желідегі парақшалардағы бұзу.
    4. Интернет-сайттарды (интернет-дүкендер) пайдалану арқылы жасалған алаяқтық.
    5. Банк картасын блоктан шығару немесе ақша қаражатын есептен шығаруға жол бермеу сылтауымен жасалған алаяқтық.
    6. Бұрын сатып алынған тағамдық қоспалардың (БАДы) орнын толтыру сылтауымен жасалған алаяқтық.
    Кез келген алаяқтық оқиғалары туралы полицияға хабарлаңыз.

    «Ақ ниет» мектеп-интернатында 14.12.2022 күні Тәуелсіздік күніне арналған «жасай бер, қазақ елі» атты салтанатты іс-шара өтті.
    19.12.2022

    «Ақ ниет» мектеп-интернатында 14.12.2022 күні Тәуелсіздік күніне арналған «жасай бер, қазақ елі» атты салтанатты іс-шара өтті.

    Шараға «Ақ ниеттің» ұжымы мен тәрбиеленушілері қатысты. Содан соң, мекеме  директоры құттықтау сөз алды.

    14.12.2022 күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер, қазақ елі» атты салтанатты іс-шара өтті. Шараға «Ақ ниеттің» ұжымы мен тәрбиеленушілері қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Тәрбиеленушілер  өлең оқып, слайд көрсетілім, бейнежазбалар арқылы  тарихқа шолу жасалды.

    Барлық қазақ еліне Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мемлекетіміз жылдан жылға нығайып, ілгерілеп, дами  берсін! Біз әрбір қазақстандыққа туған жерінде ең бақытты адам сезінуін  тілейміз.

    Страница 13 из 23« Первая«...1112131415...20...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты