03.06.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Автор: admin

    Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған
    02.06.2023

    Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн келді бастауышпен, Ұшатын қанат қағып келді кезі.

    Бүгін «Ақ ниет» мектеп-интернатының 4 сынып оқушылары бастауышпен қоштасты. Жаздың алғашқы күнінен бастау алған мерекелік іс-шарада құттықтаулар мен алғыс хаттар таратылды. 4 сынып түлектері білім кілтін өз құттықтауларымен 1-ші сынып оқушыларына салтанатты түрде табыс етті. Балалар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем ән, тамаша бимен қатар мәнерлеп оқылған жыр жолдары барлық көрерменнің жүрегінен ерекше орын ала білді. Ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, өз алғыстарын білдірді. Соңғы қоңырау соғылып, жазғы қуанышты күндерге құттықтау тілектері айтылды. Барлық оқушыларға сәтті демалыс күндерін тілейміз!

    30.05.2023 ж. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында «Болашаққа бірге!»
    02.06.2023

    26 мамырда «Ақ ниет» мектеп-интернатында қызметкерлерге ескертусіз өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығулар өткізілді. Мысалы, оттың «ошағы» 3-қабаттан шықты деп есептелінді. Оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің балаларды эвакуациялаудағы дағдылары пысықталды. Нәтиже 3 минутты қамтыды. Келесі өрт сөндіруде алғашқы құралдарды қолдану дағдыларын дамыту оқу-жаттығуы қыркүйек айына жоспарланған.

    30.05.2023 ж. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында «Болашаққа бірге!» атты ұстаздар ынтымақтастық флешмобы өтті. Біз бақытты балалық шақ пен жер бетіндегі бейбітшілікті қолдаймыз!

    «Ақ ниетте» 25 мамырда қызығы мен қиыншылығы мол
    02.06.2023

    «Ақ ниетте» 25 мамырда қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан -сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекеде «0» сынып оқушылары қойылым қойып өз өнерлерін көрсетті. Жыл көлемінде мектепшілік қоғамдык жұмыстарға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен ата- аналар марапатталды. Мектеп директоры Кривицкая С.К. құттықтау сөз сөйледі. Ата — аналар іс шара соңында өздерінің жүрек жарды жылы лебізберін білдірді.

    Құрметті ата-аналар! Төтенше жағдайлар департаментінен жіберілген қауіпсіздік ережелерімен таныс болыңыздар! Балалардың жазғы демалыс күндерінде үйде немесе демалыстағы қауіпсіздігі өз қолыңызда!
    24.05.2023

    Ақ ниеттің «Екі жұлдыз» жобасы
    24.05.2023

    Екі жұлдыз-2023
    19.05.2023

    16 мамырда «Ақ ниеттің» тәрбиеленушілері, №15,19,37 мектеп оқушылары мен олардың ұстаздары арасында жиырма дуэттің қатысуымен «Екі жұлдыз-2023» көп жанрлық фестивалін өткізді. Фестиваль тамаша көңіл-күйдің, музыканың, ән мен бидің, мәнерлеп оқудың, аспаптық орындаудың, театрлық миниатюраның, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын көрсетудің және тіпті сиқырлы трюктердің нағыз мерекесіне айналды! Фестивальді «Жұлдызай-2023» республикалық байқауының облыстық кезеңінің және «Көктем музыка шоуы» халықаралық байқауының жеңімпазы «Ақ ниеттің» «Камертон» квартеті «Добрая песня» әнімен ашып, қатысушыларды шығармашылыққа шабыттандырды.

    Фестивальге Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжінің және Д.Серікбаев атындағы  жоғары IT колледжінің ерікті студенттері, жалпы білім беретін мектептер ұжымдарының қолдауының арқасында түрлі номинациялар бойынша балалар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен таланттарын көрсете білді.

    Фестивальдің қазылар алқасына қоғамдық ұйымдар мен қорлардың өкілдері шақырылды: Абдрахманова Елизавета Амировна – «Шаңырақ» медиация орталығының директоры, Цих Станислав Владимирович – «St.ART» әлеуметтік-мәдени қорының жетекшісі, Елена Анатольевна Баус – «Қазақстандық саңыраулар қоғамы» облыстық филиалының төрайымы, Аубакирова Сания Магауовна — «Үлбі» әлеуметтік орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты. Фестиваль соңында барлық қатысушылар мен олардың тәлімгерлері Дипломдармен марапатталса, «Шпион» би нөмірімен хореография номинациясы бойынша әдемі өнері үшін №15 мектептің оқушысы Құнанбай Бек-Сейіт бас жүлдеге ие болды.

    «Ақ ниет» ұжымы  әділқазылар алқасына, жалпы білім беретін мектептердің жетекшілері Бектургенева А.Б., Грачева И.Г. және фестивальді өткізу идеясына жауап берген ұстаздарға, залмен қамтамасыз еткені үшін №19 мектеп директоры К.Ф. Кикбаевке, балаларға тәтті сыйлықтар сыйлағаны үшін «Востоквзрывпром» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сомов Дмитрий Олеговичке ерекше алғыс айтамыз!

    Мерекенің сәнін келтірген Шығыс Қазақстан мемлекеттік колледжінің  студенттері Ескендиров Надир мен Құмархан Наурызға, сонымен қатар жүргізушілерге, түсірілім мен бейнероликті ұйымдастыруға көмектескен Шектібаев Арман Маратұлына алғысымыз шексіз. Фестиваль осы оқу жылындағы ең қызықты сәттер ретінде ұзақ уақыт бойы ерекше есте қалады!

    Керемет жобаны іске асыруда  нәтижеге жету үшін – ересектер мен балалардың бірлескен шығармашылық қызметке бірігуге және ортақ қуаныш сезімін сыйлауға деген үлкен ұмтылысы көмектесті! Келесі жұлдызды дуэттер әлі алда!

    12 мамырда Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік
    14.05.2023

    12 мамырда Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Айтқожин Темірлан жұмыс сапары барысында «Ақ ниетке»  келді. Оқу-тәрбие үрдісінің жағдайымен, коррекциялық қамтамасыз етумен танысып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен дамытудың заманауи талаптарға сай материалдық-техникалық базасының жай-күйін атап өтті. Кездесу соңында Айтқожин Темірлан ұжымға жайлы білім беру ортасы мен тәрбиеөмірін құрудағы білікті көзқарасы үшін алғысын білдірді.

    Ақ ниет мектеп -интернат кітапханасында Кеңес одағының батыры
    10.05.2023

    Ақ ниет мектеп -интернат кітапханасында Кеңес одағының батыры,қолбасшы,жазушы Бауыржан Момышұлының  ерлігін дәріптеу мақсатында #Аты аңызға айналған батыр # атты патриоттық сағат өтті.

    Батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналған шарада тәрбиеленушілерге  Кеңес одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, батырлығы, жазушының қаламынан туған өмір шындығын арқау еткен тамаша шығармалары, мақал-мәтел, нақыл сөздері туралы ауқымды мәліметтер берілді.

    Біз батырлар ұрпағымыз
    10.05.2023

    8.05.23 күні тәрбиеленушілермен «Біз батырлар ұрпағымыз» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабаларымыз туралы мағлұматтар айтылып, балалар өз ойларын ортаға салды. Бабалар ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі екені түсіндірілді.

    Құрметті қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері
    10.05.2023

    Құрметті қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері, еліміздегі әр отбасының қорғаны мен тірегі — ер азаматарымыз, сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
    Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

    Страница 7 из 23« Первая«...56789...20...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты