- Интернат базасында бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру (1-4 сыныптар) ;
- Негізгі орта білім (5-9 сыныптары), жалпы орта білім (10-11 сыныптары) жалпы білім беретін мектептермен интернатта тұрып оқу шарты бойынша ұйымдастырылған (№15 мектепте тірек — қимыл аппараты, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған, №19 мектепте -көру қабілеті бұзылған балаларға арналған, №37 мектепте — есту қабілеті бұзылған балалар оқиды);
- Бейіналды, курстық даярлық ЭЕМ операторы, аудармашы, іс жүргізуші, бухгалтер 4 мамандық бойынша сертификаттары мен куәліктерін бере отырып (Өскемен политехникалық колледжі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, «Қазақстан-Америка еркін университеті»колледжі) колледждерімен шарт бойынша профильге дейінгі, курстық дайындық ұйымдастырылады.;
- 9,11 сыныптарды бітірген тәрбиеленушілер техникалық және кәсіптік білімді Өскемен қаласының колледждерінің базасында 11 мамандық бойынша диплом ала отырып оқиды (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, есеп және аудит, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, аударма ісі және іс қағаздарын жүргізу, шаштараз өнері және сәндік косметика, дизайн, жиһаз өндірісі, заңгер, тамақтандыруды ұйымдастыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, аспаптық орындау (аспаптардың түрлері бойынша), вокал).
- Тәрбиенушілерді оқыту барысында түзеті және сауықтыру жұмыстары (логопед кабинеті,сурдапедагог, дефектолог, психолог,тифлопедагог,невропотолог,офтальмолог және физиосауықтыру,сенсорлық кабинет, ЕДШ залы массаж.)сонымен қатар қосымша білім беру бойынша («Мен- инжененрмін» «Әлемге терезе» атты иновациалық жобаға қатысу, «Интелектум» атты логикалық және конструктивті ойлауды қалыптастыру үшін интеллектуалды ойындарды оқыту, Бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнер студиялары, вокал гитара , домбыра, шахмат т.б. бойынша оқытулар жүзеге асырылады.