Біртұтас тәрбие

Бүгін «Біртұтас тәрбие бағдарламасы :жаңартылған мазмұн » тақырыбында кеңейтілген әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңесте 2024 — 2025 оқу жылында жүзеге асырылатын «Біртұтас тәрбие бағдарламасының » ерекшеліктері туралы педагог-тәрбиешілер Гульнур Сериковна мен Кристина Евгеньевна педагогтар кауымына түсіндірме жұмыстарын жүргізді . «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үш тағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы » барлық білім беру ұйымдарына 2023 жылы енгізілген болатын. Биылғы жылы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда аталып өтілген құндылықтармен толықтырылды, мазмұны жаңартылды.

Бағдарлама мазмұнына сай білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнындағы өзгерістер мен тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, құндылықтар жүйесі, әлеуметтік жобалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылар бағдарламаның жүйелілігі мен ерекшелігіне назар аудара отырып, өз пікірлерін мен ұсыныстарын ортаға салды.