Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ ниет» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 070010 ШҚО, Өскемен қаласы, Севастополь көшесі 6/2
тел: 8 (7232) 54-48-21, 8 (7232) 51-15-03, 8 (7232) 21-55-19
e-mail: internatakniet@mail.ru
директор Кривицкая Светлана Каримуллаевна
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ ниет «мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімі Д.К. Ахметовтың бастамасымен Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №190 қаулысымен ашылды.
2017 жылдың қаңтарынан бастап ресми түрде жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылында тәрбиеленушілердің контингенті 79 баланы құрайды, оның ішінде: ТҚАБ-53, көру қабілетінің бұзылуы-11, есту қабілетінің бұзылуы (нашар еститін)-4, сөйлеу-11.
Мекеменің қызметі бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады: білім беру, түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, соның ішінде кәсіби білім беру бағыттары бойынша; тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және жан-жақты дамыту, ақыл-ойы сақталған, психологиялық-медициналық-педагогикалық және коррекциялық қолдау көрсетіледі.
«Ақ ниет» мектеп-интернаты бір мезгілде аралас модельді іске асырады 1) Арнайы білім беру мекемесі (Бастауыш оқыту (0-4 кл) және мектеп-интернат базасында психологиялық-педагогикалық, сауықтыру және түзету қолдауы ұйымдастырылған, және бір уақытта ерекше білім беретін балалары бар жалпы және кәсіптік сапалы білім алу үшін жағдай жасау жөніндегі қызметті құрамдастырылған модельді іске асырады, инклюзивті білім беруге қажеттілігі бар: 5-сыныптан бастап «Ақ ниетте» тұратын тәрбиеленушілер негізгі және орта білімді № 15, №19, №37 мектепте жалпы білім алады.
1) мектеп-интернат базасында бастауыш сыныптар (0-4 сыныптарға) сауықтыру және психологиялық-педагогикалық, сауықтыру және түзету қолдау жұмыстары жүргізіледі.
2) инклюзивті білім беруде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы жалпы және кәсіптік білім алуы үшін жағдай жасай отырып бір мезгілде біріктірілген модельді қызметін жүзеге асырады.
3) Тәрбиеленушілердің үшінші санаты — жалпы білім беретін № 15 мектепте 9 сыныпты бітірген тәрбиеленушілер, олардың техникалық және кәсіптік білімі Өскемен қаласының колледждерінде жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілер: Аягөз, Семей, Өскемен қалалары мен Үржар, Зайсан, Глубокое, Ұлан, Күршім аудандарынан келеді.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін интернатта арнайы жағдайлар жасалған:
-Кедергісіз орта
-Бастауыш сыныптарға жаңа үлгідегі оқыту кабинеттері, ақпараттық технологиялық кабинет
-Арнайы жабдықталған логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, дефектолог, психолог, ЕДШ залы, сенсорлық бөлме, физиотерапия кабинеті.
– Балалармен жұмыс істеу үшін жоғары кәсіби даярланған мамандар, сүйемелдеуді жүзеге асыратын педагог-тәрбиешілер, түзету мамандары (логопед, тифлопедагог, дефектолог, педагог-психолог), қосымша білім беру педагогтары, ЕДШ нұсқаушылары жұмылдырылды;
-балалар логопед, дефектолог, тифлопедагог сабақтарында түзету және дамыту бойынша білім алады және оларға сауықтыруға қолдау көрсетіледі. Невропатолог, офтальмолог мамандары диагноз қояды, қалпына келтіруді оңалтуды тағайындайды, мұғалімдерге жеке және сараланған тәсілді ұйымдастыруға көмектеседі, медициналық-педагогикалық түзету, еңбекке баулу профилін таңдау, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша ұсыныстар береді. Мейірбикелердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған;
– интернатта тәрбиеленушілер күніне бес рет тамақтанумен қамтамасыз етілген. Интернат тәрбиеленушілерін табысты әлеуметтендіру моделін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жоғары оқу орындары, қосымша білім беру ұйымдары, кітапханалар, ғылыми-білім беру орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер жасалды.
– Тәрбиеленушілер одан әрі мамандық таңдау мүмкіндігіне ие болады: интернатта курстық және бейіналды даярлық кабинеті ашылған, онда тәрбиеленушілер «іс жүргізу», «бухгалтерлік есеп және аудит», «ЭЕМ операторы» бастапқы курстарын оқиды, аяқтағаннан кейін сертификаттар мен куәліктер табысталады.
«Ақ ниет» жаңа үлгідегі мекемесі ерекше қажеттіліктері бар балаларға ертеңгі күнге деген сенімділікті сезінуге, сондай-ақ олардың сәтті әлеуметтенуіне және тәуелсіз ересек өмірге дайындалуына нақты мүмкіндік береді.