10.05.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Жаңалықтар

    ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАРЫМ! СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
    20.09.2022

    Құрметті оқырмандарым! Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
    Мамырдың бірінші күндері Қазақстан аса жарқын әрі мейірімді мерекелерінің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін «Ақ ниет» ортақ үйімізде «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты ерекше мерекелік іс-шарамен атап өттік. Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Бұл 150-ден астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Қазақстанның кең шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, корей, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің зор мәні де осы.
    Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!

    Құрметпен, «Ақ ниет» ұжымы

    23 сәуірде «Ақ ниет» мектеп –интернатының тәрбиеленушілері №5 кітапхана-филиалына барды
    20.09.2022

    23 сәуірде «Ақ ниет» мектеп –интернатының тәрбиеленушілері №5 кітапхана-филиалына барды. Кітапхана меңгерушісі Гаврюш О.В. 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Мен кітаппен әлемді ашамын» кітапханалық сабағын өткізді. «Дүниежүзілік кітап күні» презентациясының көмегімен ежелгі дәуірден бастап кітаптың пайда болу тарихы және ол қандай өзгерістерге ұшырағаны туралы айтып берді. Балалармен «Кітап деген не?», «Ол адамдардың өмірінде қандай орын алады?», «Кітап-ақпарат көзі ретінде». Балалар көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді біліп, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды.

    ҚАЛАМЫЗДЫҢ ӘКІМІ ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАРДЫҢ СЕНБІЛІК ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМАСЫНА ОРАЙ ӨСКЕМЕНДЕ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕР БАСТАЛДЫ.
    20.09.2022

    Қаламыздың әкімі Жақсылық Омардың сенбілік тазалық жұмыстары туралы тапсырмасына орай Өскеменде жалпы қалалық сенбіліктер басталды. Тазалықты өз ауласынан бастаған жандар қатарында қала тұрғындарынан бөлек, кәсіпорындар ұжымы мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері де бар. Біздің «Ақ ниет» мектеп-интернат ұжымы да бұл сенбілік жұмыстарынан қалыс қалмады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей қандай да бір іс болмасын көпшілікпен тез бітері анық. «Ақ ниеттің» ауласы тазарып, көктемнің жасыл желекті көркіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    13.04.2022 КҮНІ ӨТКІЗІЛГЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ЗАМАН ТАЛАБЫ»
    20.09.2022

    13.04.2022 күні өткізілген «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты ашық тәрбие сағатына 5,6,7,8-ші топ тәрбиеленушілері қатысты. Олардың негізін жеткіншектік кезеңдегі балалар құрайды. Тақырып балалардың жас ерекшеліктеріне сай және қазіргі уақытта тобымызда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Келген қонақтар психолог, педагог және инспектор өздерінің қатысуларымен өз тараптарынан ықпал жасау, ой салу, кеңес беру мақсатында шақырылды. Ашық тәрбие сағаты барысында сұрақ-жауап, пікірталас, көрініс көрсету, қимыл-қозғалыстағы сергіту сәті өткізілді. «Айтуға оңай» бағдарламасын негізге алып, топтағы қақтығыстар болған жағдайларда балалар өздеріне әділ баға беру, өз құқықтарын жетік білу, құқықтық сауаттылықтарын жан-жақты дамыту міндетті екені ескерілді. 11-15 сәуір аралығында «Мен және менің полицейім» акциясы аясында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Әлиқожа Ихрамқожаұлы Оспанов «Ақ ниетке» арнайы келіп, сұрақтарға толық жауап беріп, тәрбиеленушілерімізге қажетті, құнды кеңестер берді.

    ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДЕГЕНІМІЗ БІР-БІРІН СҮЙІП ҚОСЫЛҒАН ЖАНҰЯЛАРДЫҢ ОТБАСЫН САҚТАУ ҮШІН ҚОЛДАНАТЫН ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН САЛТ-ДӘСТҮРІ
    20.09.2022

    Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады. Біздің «Ақ ниет» атты ортақ үйіміздің отбасылық құндылықтары біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды.

    «ОТБАСЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»
    20.09.2022

    Отбасылық дәстүрлер балаларды тәрбиелеу үшін негіз болып табылады. Өйткені, отбасыда бала адамдармен өзара әрекеттесудің алғашқы тәжірибесін біледі, адами қарым-қатынастардың көп қырлы екенін түсінеді, рухани, моральдық, ақыл-ойды дамытады. Әрбір үйде орындалатын белгілі бір ережелер мен әдеттер жиынтығы бар. Отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар қоғаммен қалыпты қарым-қатынас жасауға, отбасының үйлесімді болуына, отбасылық байланыстарды нығайтуға, өзара түсіністікті жақсартуға және жанжалдардың санын азайтуға көмектеседі. #годдетей

    2022 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1 СӘУІРДЕН БАСТАП 1 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН
    20.09.2022

    2022 оқу жылының 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты» 0-1 сыныпқа оқушыларды қабылдайды.Оқыту тілі: қазақша/орысша.

    «Ақ ниет» мектеп-интернаты сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек-қимыл аппараты зақымданған, зияты сақталған балаларға арнайы және инклюзивті білім беретін кіріктірілген моделді жүзеге асыратын республика бойынша бірінші мекеме.

    1-4 сыныптар білімді мектеп-интернаты қабырғасында алады, 5 -11 сынып балалары жақын маңдағы жалпы білім беру мектептерінде оқыса, 9 сыныптан кейін техникалық және кәсіби білімді Өскемен қаласы колледждерінде алады.

    Мектеп-интернатына психологиялық – медициналық — педагогикалық кеңес (ПМПК) тұжырымдамасымен қабылданады. Ата-аналарынан (заңды өкілдерден) балаларды 1 сыныпқа қабылдау өтініші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» осы жылдың 1 сәуірден 1 тамыз аралығында қабылданады. Жұмыс кестесі мереке және демалыс күндерінен басқа кезде дүйсенбіден сенбі кешке дейін

    Әр ата-ана мектепке өтінішті үйден шықпай онлайн режимде бере алады.

    Аталған қызметті ата-аналар электорндық цифрлық қолтанбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкімдігіне ие болады.

    Өтініш бере үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмерелін тіркеу керек.

    Баланың туу туралы күәлік

    026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»

    063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат;

    3*4 өлшеміндегі екі фотосурет.

    Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін:

    Көші-қон карточкасының электрондық көшірмесі.

    Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.

    Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналаржақын мандағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.

    «Ақ ниет» мектеп-интернатында заманауи материалды-техникалық жарықтар және құрылғылар бар, кедергісіз орта ұйымдастырылған, тұруға ыңғайлы жағдай жасалған. Тәрбиеленушілер арнайы сала мамандары (дефектолог, логопед, тифлопедагог) қызметіне жүгіне алады, психологиялық-медициналық-педагогикалық жетелеу, қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі. Барлық педагогикалық және медициналық мамандар арнайы даярлықтан өткен.

    Орналасқан жері: Өскемен қаласы, Севастополь көшесі, 6/2, «Ивушка» дүкенінің маңында.

    Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады: www.vko-akniet.kz (Яндекс жүйесінде іздеп көру), сонымен қатар мына телефондар арқылы: 8 (7232) 54 48 21, 8 (7232) 21 55 19, сот 8 7778568260

    Құрметті «Ақ ниеттің» оқырмандары! Наурыз мейрамы құтты болсын!
    20.09.2022

    Құрметті «Ақ ниеттің» оқырмандары! Наурыз мейрамы құтты болсын!Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт — береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
    Бәйшешекпен көктесе көңіл көгі,
    Жаңа бақыт жеткізер жылдың лебі.
    Жаңа күнің бұл сенің, жаңа жылың — Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!
    Ізгі ниетпен, «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем!» атты мерекелік шараның ұйымдастырушылары атынан Мадиева Назым Асембаевна

    9 наурыз күні 3 сынып оқушыларымен «Наурыз-праздник мира и добра» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
    20.09.2022

    9 наурыз күні 3 сынып оқушыларымен «Наурыз-праздник мира и добра» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Балаларға көрініс қою арқылы «Наурыз » туралы түсініктерін арттыра отырып, ой- өрісін тілін дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
    #годдетей

    8 наурыз қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында кішкентай ару қыздарымызды құттықтау мақсатында мерекелік шара өтті
    20.09.2022

    8 наурыз қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында кішкентай ару қыздарымызды құттықтау мақсатында мерекелік шара өтті. Көктемдей құлпырған сұлу қыздарымыз бен аналардың төл мерекесіне деген ерекше құрмет пен құттықтаулар болды. Көптеген қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Сайыскерлер әртүрлі номинациялармен марапатталды.

    Біздің сүйкімді қыздар мен олардың сүйікті аналары, қымбатты да құрметті әріптес ханымдар! 8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілейміз!

    Страница 16 из 18« Первая«...10...1415161718»

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты