10.05.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Жаңалықтар

    14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады
    15.03.2023

    14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттілерін қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
    Құрметті «Ақ ниеттің» оқырмандары, қазақ елі, сіздерді бүгінгі Көрісу мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз, мерекеден-мерекеге аман-есен жете берейік!

    Құрметті «Ақ ниет» әлеуметтік парақшасының оқырмандары, Газраилова М.Н. Сіздерге игі істі жалғастыру мақсатында күйтартыс челленджін жолдайды.
    15.03.2023

    Құрметті «Ақ ниет» әлеуметтік парақшасының оқырмандары, Газраилова М.Н. Сіздерге игі істі жалғастыру мақсатында күйтартыс челленджін жолдайды. Қабыл алыңыздар! Мерекелік іс-шаралар сіздердің парақшаларыңыздан  өз жалғасын табады деп сенеміз!

    Ермекқызы Тұмар күйтартыс челленджін студент-тәрбиеленуші Газраилова М.Н. жолдайды!
    15.03.2023

    «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагог-логопеді Ахметова Г.С. күйтартыс челленджін тәрбиеленуші Ермекқызы Тұмарға жолдайды! Қабыл алыңыздар!
    15.03.2023

    Домбыра үйірмесінің жетекшісі Елюбаева С.Р. «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагог-логопеді Ахметова Г.С. күйтартыс челленджін жолдайды!
    15.03.2023

    Күмбірле сазды домбыра
    15.03.2023

    «Ақ ниет» мектеп-интернаты ұжымы Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мейрамы қарсаңындағы  онкүндік «Күмбірле сазды домбыра» күйтартыс  челленджін ашық деп жариялайды! Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жалаушинова Л.М. домбыра үйірмесінің жетекшісі Елюбаева С.Р. челлендж жолдайды.

    Ақ ниеттің» ұжымы Бармысыздар, интернаттың қыз-ұлы.
    15.03.2023

    Армысыздар, «Ақ ниеттің» ұжымы

    Бармысыздар, интернаттың қыз-ұлы.

    Ұлы тұлға ұстаздарым армысың,

    Құтты болсын мерекелі гүл күні.

    «Ақ ниет» мектеп-интернатының құрметті оқырмандары, сұлу қыздар мен аяулы аналар, асыл әжелер,  ұлағатты ұстаздар қауымы, әдемі әріптестер,  сіздерді шын жүректен келе жатқан көктем мерекесімен құттықтаймыз! Қатысқан барлық жас өнерпаздарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

    01.03.2023ж ШҚО Өскемен қаласы теннис орталығында “Special Olympics” қозғалысы бойынша үстел теннисінен облыстық спартакиадасы өтті
    05.03.2023

    01.03.2023ж ШҚО Өскемен қаласы теннис орталығында “Special Olympics” қозғалысы бойынша үстел теннисінен облыстық спартакиадасы өтті. Біздің «Ақ ниеттен»  Журавлёв Алексей, Сторожук Денис, Александров Игорь 15-22 жас аралығындағы топта қатысып, үшеуі де жүлделі үшінші орынды  иеленді.

    Жалпыкомандалық есепте 2ші орын алды. Жеңімпаздарымызды атаулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

    «Ақ ниет» мектеп-интернатының оқу залында қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби сағат өтті
    04.03.2023

    «Ақ ниет» мектеп-интернатының оқу залында қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби сағат өтті. Кеш барысында балалар ақынның өмірі және шығармашылық әлемімен танысты. Тәрбиеленушілер М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Музыкалы-поэтикалық композиция өлеңдерін оқу барысында, ақынның өмірі, туған жерінің көріністері слайдтармен көрсетілді.

    Бүгін 9 ақпанда 2023 жылы Ақ ниет мектеп-интернатының жеті бірдей педагогы ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ мен «Өрлеу біліктілігі арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты   ұйымдастыруымен облыстық семинарға қатысып қайтты.
    16.02.2023

    Бүгін 9 ақпанда 2023 жылы Ақ ниет мектеп-интернатының жеті бірдей педагогы ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ мен «Өрлеу біліктілігі арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты   ұйымдастыруымен облыстық семинарға қатысып қайтты.

    Семинарда «Өрлеу біліктілігі арттыру ұлттық орталығы»АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты   оқытушылары: Сайран Ескендировна мен Толқын Төлеубековна Шеберлік сабақтарын өткізді. №8 арнайы мектеп-интернатының педагогтер қауымы ашық сабақтар өткізді.

    Семинарға келген әр қатысушы өз мамандығы бойынша ашық сабақтарға қатысып, сертификаттарға ие болып,  өздерінің педагогикалық қоржындарына қажетті ақпаратты ала білді.

    Осындай семинарлар мен кездесулердің «Өрлеу біліктілігі арттыру ұлттық орталығының қолдауымен жиі-жиі өткізіліп отыруы арнайы мектеп-интернаттары мен мекемелердің педагогтарының шеберлігін шыңдай түседі. Игі іс-шараға ұйытқы болған әріптестерімізге, Ұстаздар үйі оқытушыларына алғысымыз шексіз. Тек шығармашылық табыс тілейміз!!!

    Страница 9 из 18« Первая«...7891011...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты