1 қыркүйекте жаңа оқу жылы қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

1 қыркүйекте жаңа оқу жылы қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған дайындық және бірінші сынып оқушылары алғашқы ұстаздарымен танысты. Осы тамаша және көптен күткен күні бастауыш сыныпқа жаңадан келген балаларды ата-аналары мен мектеп ұжымы құттықтады. Көңілді Микки Маус пен сұлу Ханшайым олармен ойындар ойнады, балалар ертегі кейіпкерлерінің қызықты тапсырмаларын қуанышты көңіл-күймен қайталады. Баширова Ислана «Ардақты Ұстазым» әнін орындады. Мұғалімдер жаңадан келген балаларды «Ақ ниет» оқушылары қатарына қабылдап, оларға мерекелік медальдар табыстады. Ал мерекелік іс-шарадан кейін балалар мұғалімдермен бірге сыныптарына, білім күніне арналған «Ұмтылу білімділік, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты білім сабағына белсене қатысты. Құрметті қонақтарымыз, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Абдрахманова Елизавета Амировна, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Смоляков Илья Анатольевич «Сыңғырла, алғышқы қоңырау» іс-шарасының куәгерлері болды. Олар бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда, барлық бастамаларында сәттілік тіледі.

«Балалар жылы» аясында «Мектепке жол» акциясы бойынша бастауыш сынып оқушыларына көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры мен төрайымы атынан танымдық ойындар мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды. «Аманат» партия ұйымы Анна Александровна Кухарева, бас медбике, «Аманат» ұйымының мүшесі Нагомбаева Зәуре Абайқызы, Аманат ұйымының хатшысы Еңсебаева Гүлжан Әділханқызы «Ақ ниетте» қонақта болды. Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» 8-КММ филиалының аға маманы Қалиев Мадияр Қалымұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Катрук Раиса Васильевна өз ұйымы атынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 10 оқушыға кеңсе тауарларына 5000 теңгенің сертификаттарын табыс етті. Біз «Ақ Ниеттің» барлық достарына мейірімді жүректері мен қамқорлықтары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға денсаулық пен бақыт тілейміз!