2022 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2022 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы іссапармен, Шығыс Қазақстан облысы білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Зейнеп Махсутовамен бірге «Ақ ниет» мектеп-интернатында болып қайтты.
Ұжымның қызметімен жете танысқан Майра Тұрғанбайқызы оқу жүйесін ұйымдастырудың заманауи материалдық-техникалық базасы, кедергісіз физикалық орта және балалардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды атап өтті. Кездесу барысында, директор Кривицкая С.К. тәрбиеленушілерді жалпы, техникалық және кәсіптік білім беруге ойдағыдай тарту бойынша педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысы және кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ қосымша білім беру бағыттары туралы толықтай айтып өтті. Тәрбиеленушілермен жеке сөйлесу кезінде қонақтар интернат өмірінің ерекшеліктері мен жасалған қолайлы жағдайлар туралы әңгімелесті. Қызықты әңгіме барысында балалар барлық сұрақтарға шынайы көңілмен жауап берді. «Ақ ниеттің» қонақтары үшін есігіміз әрдайым ашық дегіміз келеді.