Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел»
Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. «Ақ ниет» мектеп-интернатында бала бойына алғыс айтудың зор мәні мен маңыздылығын қалыптастыру мақсатында өзара жақсы тілек пен жылы лебіздер жазылған ашық хаттар таратылды.