Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету.

Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек көрсету мен дұрыс  қарым – қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 28 ақпан күні 4 сынып оқушыларымен «Дос болайық бәріміз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Өз жас ерекшеліктеріне сай балалар достықтың қыр-сырымен жете танысып, шын дос бола білудің құпиясын тауып,  қиындықтарын жеңу жолдарын қарастырды. Тәрбие сағаты педагог-тәрбиешінің жоғары кәсібилік дағдыларының арқасында сәтті өтті.

#годдетей