МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨМІРІНДЕ 5-СЫНЫП БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІ ӨТЕ ӨЗЕКТІ

Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған кездесулер өткізіліп тұрады. Осы бағытта инклюзивті сыныпқа қосылудың кедергісіз жолының бірі ретінде «Ақ ниет» мектеп-интернатының 4 сынып бітіруші түлектерімен балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған арнайы психологиялық бейімделу бағдарламасы жүргізілуде. №15 мектеп ұстаздарымен байланыс орнату мақсатында кезекті кездесу «Ақ ниетте» өтті. Бұл кездесуден екі жақта өздеріне көптеген мағлұматтар алды. Балалардың білім сапасымен қатар өмір сүруге қолайлы ортасына экскурсия жасап қайтқан қонақтарымыз өз ризашылықтарын білдірді.