«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде.

«Балалар жылы» аясында «Мектепке жол» акциясы бойынша бастауыш сынып оқушыларына көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры мен төрайымы атынан танымдық ойындар мен кеңсе тауарлары сыйға тартылды. «Аманат» партия ұйымы Анна Александровна Кухарева, бас медбике, «Аманат» ұйымының  мүшесі Нагомбаева Зәуре Абайқызы, Аманат ұйымының  хатшысы Еңсебаева Гүлжан Әділханқызы «Ақ ниетте» қонақта болды. «Ақ ниет»  ұжымы демеушілерге сыйлықтар үшін шекіз алғысын білдіреді.