«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде»
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде»
Халықаралық церебральды сал ауруы күніне орай семинар өтті.
«Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға түзету және логопедиялық көмек көрсету» тақырыбында педагог-дефектолог маман Жалаушинова Л.М. толыққанды баяндама жасады.
Балалар үшін Монтессори әдістемесі, психофизикалық реабилитация және аппараттық диагностика арқылы сенсорлық интеграция бойынша сабақтар өткізілді.
Баяндамашылардан кейін «Дана бала» ЦНиИО зертханасында болдық. Бұл күні біздің балаларда тек жағымды эмоциялар ғана болды. Семинарға ата-аналар да қатысып, өздерін мазалаған барлық сұрақтарға толық жауап алды. Ал біз «Ақ ниет» мектеп- интернаты мен ШҚМУ арасында ынтымақтастық нығая түседі деген сенімдеміз.