Отбасы — бақыт мекені

Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата — анасы. Отбасы — таным бесігі, отбасы — үлгі — өнеге бастауы. Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан — мейір алады. «Әке — асқар тау болса, ана — бауырындағы бұлақ, ал бала — жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала — отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Әрбір адам үшін отбасы үлкен құндылық. Біріншіден, ол өзі дүниеге келген отбасына, содан кейін өзі жасаған отбасына өзін береді. Отбасы — ең қымбат және жақын адамдар. Бұл жерде біз өзіміз туралы сырттан келген адамдар бізге айтуға батылы жетпейтінін ести аламыз, бірақ бұл жерде біз ешқашан сүюді тоқтатпаймыз. Біз үшін отбасы – біз қайтып оралуды асыға күтетін жер.

Біздің тәрбиеленушілер үшін отбасы ана мен әкеден бастау алады. «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагог-тәрбиешілері бір күнді отбасы тақырыбына арнап балалармен ең қымбат, әрі жақын адамдары туралы жан тебірентерлік әңгіме құрды. «Отбасы — бақыт мекені» атты ашық тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Балалар топ алдында отбасыларына деген ең жүрекжарды сезім мен тілектерін жеткізе білді.