Мектеп жоспарына сәйкес 06.01.2023 ж. педагогикалық кеңес өткізілді
Мектеп жоспарына сәйкес 06.01.2023 ж. педагогикалық кеңес өткізілді. Педкеңесте ІІ тоқсан мен І жартыжылдық оқу және тәрбие бағдарламасының тыңғылықты орындалуы айтылып өтті. Тәрбиеленушілердің білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша қосымша жұмыстар тізбегі беріліп, қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. ІІІ тоқсанға жоспарланған оқу және тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар бекітілді.
Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Мектеп-интернаттағы үйірмелер және тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастыру — тиімді әлеуметтендіру құралы». Бүгінде үйірме атаулының сан түрі бар. Әлбетте сұраныс болғаннан кейін ұсыныс та көбейіп келеді. Жеткіншектің бос уақытын ұтымды пайдалану, бойда ашылмай жатқан сан қырлы талантты ұштап, өрбітуге мүмкіндік беретін тәрбие жолы десек қателеспейміз. Уақытты тиімді өткізу әсіресе бала тәрбиесінде өте маңызды. Баланың уақытын қалай басқарған жөн? Оны қандай үйірмеге берген дұрыс? Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіліп, ұсыныстар жасалды.