Қаңтар айында тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу жарысы өтті
Қаңтар айында тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу жарысы өтті, оған облыс, республиканың неше дүркін чемпионы _Қилыбаева Гульжан Хамитовна, Нуксарина Айгуль Айдарбековна, Жумаділов Болат Шәкейұлы, 10дүркін әлем чемпионы, бапкер, ардагер тоғызқұмалақшы және кәсіпқой тоғызқұмалақшылар: Шәку Семей және көптеген тоғызқұмалақ сүлейлері өнерлерін паш етті. Бұл үлкен іс-шараға «Ақ ниет» мектеп-интернатынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жалаушинова Л.М. әуесқой ойыншы ретінде қатысып, керемет әсер алып қайтты.
Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын жас ұрпақ арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу деген сөз.
Ұстаздан шәкірт озса игі іс дегендей, қанашама кәсіпқой ойыншылардың жас шәкірттері керемет ойын көрсете білді. Егемен еліміздің бүгінгі жастары ата-бабадан қалған алтын мұраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді ойындармен теңестіріп, ұлттық құндылықтарды, қазақ халқының киелі өнерін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз деп таныса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.