1 ақпан күні қазақ әдебиеті пәні бойынша өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру барысында 6 сынып оқушылары Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасынның екі бөлімін оқып
1 ақпан күні қазақ әдебиеті пәні бойынша өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру барысында 6 сынып оқушылары Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасынның екі бөлімін оқып, талдап, мазмұндап, бірқатар жаңашыл әдістер қолдану арқылы тапсырмалар орындады. «Сұрақ қоймасында» жасырынған тапсырмаларды балалар бір-бірден алып-жауап берді. Оқулықпен жұмыс жасалып, тынығу сәтінде көзге, саусаққа арналған әртүрлі көңілді жаттығулар жасалды. «FILA толтыру» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексерілді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша балалардың өздері сабаққа дайындық деңгейін сәтті бағалады.
Педагог-тәрбиеші: Туйебаева А.К.