Ұлттық киім – әрбір халықтың өткенінен ғана сырт шертпей, сонымен қатар тұрмыс-тіршілігі
Ұлттық киім – әрбір халықтың өткенінен ғана сырт шертпей, сонымен қатар тұрмыс-тіршілігі, мәдени болмысы, наным-сенімдерін де анықтауға мүмкіндік беретін қасиетке ие. Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақ ниет» мектеп — интернатының тәрбиеленушілерімен «Ұлттық киімдер — ұлт нақышы» тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында балалар түркі халықтарының ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен және бірегейлігімен танысты. Флешмобқа қатысып, онда қазақ, өзбек, татар, тәжік ұлттарының киім үлгілерін көрсетті.