Аутизм. Әлем баршаға ортақ
2023 жылдың 30 наурызында ШҚО «Аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығы (аутизм-орталық)» ББ КММ-де «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» атты мерекелік шара Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының арнайы педагогтарына арналған «2023 жылдың Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне» орай өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – түзету мамандарын ерте диагностика, психологиялық-педагогикалық араласу және әлеуметтік бейімдеу қызметтерінің кешенінің жұмысымен таныстыру. «Ақ ниет» мектеп-интернатының психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары Аутизм орталығындағы ашық есік күніне барып, 2 сағат көлемінде орталықтың педагогтері, жұмыс барысы, диагностикалық әдіс-тәсілдері және жұмыс бағдарламаларымен танысып, аталған шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.