Құрметті ата-аналар!!!
Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың наурыз айында біздің қаламызда жасөспірім қызды өзімен қатарлас қыздар ұрып, соққыға жыққан. Бұл оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде белсенді түрде таралып жатыр. Қазіргі уақытта полиция органдары бұзақылық фактісімен қатар, бейнероликтің таралуы факті бойынша да қылмыстық істерді тергеу үстінде.
Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды келесі жағдайларға аударғымыз келеді.
Біріншіден, жоғарыда аталған бейнероликтің таралуы (қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын жазба) жәбірленуші мен оның туыстарына моральдық және психологиялық азап әкелетінін ескере отырып, Сіздерден осы бейнежазбаны таратпау және оны балалардың телефондарынан алып тастау (жою) үшін шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, осындай бейнематериалдарды таратқан жағдайда, қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді).
Екіншіден, бүгінде қаланың оқу орындарында буллингтің басқа да фактілері (қорлау, қысым, агрессия көрсету) орын алуы мүмкін.
Көбінесе, буллингке ұшыраған балалар мұндай фактілерді ересектерге жеткізуден қорқады. Нәтижесінде, бұл құқық бұзушылықтар құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалады. Соның салдарынан «агрессорлармен» профилактикалық жұмыс жүргізілмейді.
Оқушылардың ата-аналары мұндай құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауда өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан, егер сіздің балаңыздың мектеп буллингінің құрбаны болғанын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға (Қабанбай батыр көшесі, 152; тел. «102») немесе қала прокуратурасына (Шәкәрім даңғылы, 58; тел. 75-48-48; 8-778-775-48-48) хабарлауды сұраймыз.
Үшіншіден, құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын балалардың ата-аналары да, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз.
Біз Сіздің түсінуіңізге үміттенеміз!
Өскемен қаласының прокуратурасы