«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 28 сәуірінде «Ақ ниет» мектеп-интернатының базасында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың  оқу-дамыту үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 28 сәуірінде «Ақ ниет» мектеп-интернатының базасында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың  оқу-дамыту үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға қатысушылардың қатарында білім беру мекемелерінің жетекшілері, оқу және тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары, арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының педагогтары, инклюзивті тәжірибені енгізетін жалпы білім беретін мектептердің психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, «Шығыс» республикалық орталығының әдіскерлері, ФАО «Өрлеу» БАҰО» жетекшілері, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке оңалту бағдарлама орталығы, Шығыс Қазақстан облысы С.Аманжолов атындағы университетінің оқытушылары болды.

Семинарды білім бөлімінің басшысы Чернышева Инесса Александровна ашып, өзінің құттықтау сөзінде педагогтар ұжымы аз уақыт ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және қолдау көрсету үшін ерекше жағдай жасау жолында оң нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО Біліктілікті арттыру институтының директоры Г.С.Жуманова қазіргі заманғы педагогтардың үздіксіз кәсіби білім алуының маңыздылығына тоқталды. «Ақ ниет» КММ директоры С.К.Кривицкая өз сөзінде педагогикалық ұжым қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.  Директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары Жалаушинова Л.М. бастауыш сынып оқушыларының білімі мен дағдыларын бағалау туралы қысқаша баяндама жасады. Алдағы семинарда белсенділік көрсету мақсатында педагог-психолог Азина Ж.Т. қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді.

Практикалық бөлімде қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Амирова М.Б қол мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ететін киіз басу бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. Искакова С.Н., Қалиева А.З., Саинова С.С. — бастауыш сынып мұғалімдері ерекше оқу қажеттілігі бар  балаларды оқытуда белсенді педагогикалық технологияларды (ойын, денсаулық сақтау, саралап оқыту технологиялары; ұжымдық шығармашылық жұмыс) және формаларын көрсетті.

Жеке және топтық сабақтарында арнайы сала мұғалімдері Ахметова Г.С., Еңсебаева С.К., Ансаганова А.Б. сөйлеуінде ақауы бар балалардың көру, есту қабылдауын дамытуға, дыбыстық талдауды қалыптастыруға арналған жаттығулар түрлерімен, сонымен қатар дефектологтардың жұмысында нейростимуляциялық әдістерді қолданумен семинарға қатысушыларды  таныстырды. Би маманы  Халелова М.А. есту қабілеті бұзылған балалардың музыкалық-ритмикалық дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтың фрагменттерін, сондай-ақ, адаптивті және емдік дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Мамырбеков А.Ж. тірек қимыл аппараты бұзылған балалардың қозғалыс белсенділігі мен дене қалпын түзету жаттығуларын көрсетті.

Семинардың екінші бөлімінде педагог-тәрбиешілер Байырханова Ж.Ж., Мадиева Н.А., Құнанбаева А.Т., Махметова Н.М., Етекбаева А.Ж. барлық қатысушыларға үй тапсырмасын орындаудың тиімді формалары мен әдістерін көрсететін «миға шабуыл іс-тәжірбиесіне» қатысуға шақырды.

Қорытындылай келе, «ашық микрофонда» әріптестер «Ақ ниет» педагогикалық ұжымының тәжірибесі туралы пікір алмасып, жалпы білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа әдістемелік тәсілдер, арнайы білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Іс-шара мазмұнды, жемісті және жылы достық атмосферада өтті. Директор С.К.Кривицкая және «Ақ ниет» педагогикалық ұжымы Жұманова Гаухар Сайлаубекқызына және облыстық мұғалімдер үйінің мамандарына семинарға қолдау білдіріп, қатысқандары үшін шынайы алғыстарын білдіреді. Барлық қатысушыларға  еңбектеріне сәттілік  тілейміз!