4 мамыр күні «Ақ Ниет»мектеп- интернатында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
4 мамыр күні «Ақ Ниет»мектеп- интернатында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Ұлы Жеңістің мән-маңызы және Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, баулу; бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздіктің жалпыадамзаттық құндылықтарын сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысында мерт болған жауынгерлердің рухына деген тағзыммен 1 минут үнсіздік жарияланды. «Бейбіт күн жасасын әлемде!» тақырыбында 4-11 сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Қорыта келе оқушылар ұрпаққа ұлан болған Жеңіс күнінің қандай зор ерлікпен келгендігін ұғынды. Ерлік даңқы ешқашан өшпейтінін түсінді.