Біліктілікті арттыру курстары
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» 19-30 маусым аралығында «Интернаттық ұйымдарда тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыру бойынша педагогтардың психологиялық — педагогикалық және әлеуметтік құзіретін дамыту» тақырыбында тәрбиешілерге арналған біліктілікті арттыру курсы өту үстінде. Бұл курсқа «Ақ ниет» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бес тәрбиеші өз білімдерін жетілдіріп, курстары аяқталуға жақын. Тәжірибелі тренер әр педагогтың біліктіліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беруде.
Курс тренері Қожақметов Наурызбай заманауи әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, қызықтыда әсерлі, шығармашылық пен білімге толы сабақтар өткізуде.