Жалпыұлттық басылымдықтар: Сапалы білім беру бәріне қолжетімді

01.12.2023 ж. «Ақ ниет» мектеп-интернаты» басазында ШҚО Білім басқармасының «ORKEN» Шығыс Қазақстан өнерлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жалпыұлттық басылымдықтар: Сапалы білім беру бәріне қолжетімді» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Диалог алаңына қатысушылар: ШҚО Білім басқармасының «ORKEN» Шығыс Қазақстан өнерлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының мамандары, ШҚО арнайы мектеп-интернаттары мен білім беру ұйымдарының мұғалім-логопедтері және дефектологтары.

Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен сапалы білім беру деңгейін үнемі арттыру мәселелерін талқылау, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының заман талабына сай құзіреттілігін арттыру.

Диалог алаңын өткізу барысында педагогтар арнайы сала мамандарының жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жас мамандармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырып, оларға қолдау көрсетті.