01.06.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Автор: admin

    Ұлттық киім – әрбір халықтың өткенінен ғана сырт шертпей, сонымен қатар тұрмыс-тіршілігі
    20.03.2023

    Ұлттық киім – әрбір халықтың өткенінен ғана сырт шертпей, сонымен қатар тұрмыс-тіршілігі, мәдени болмысы, наным-сенімдерін де анықтауға мүмкіндік беретін қасиетке ие. Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақ ниет» мектеп — интернатының тәрбиеленушілерімен «Ұлттық киімдер — ұлт нақышы» тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында балалар түркі халықтарының ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен және бірегейлігімен танысты. Флешмобқа қатысып, онда қазақ, өзбек, татар, тәжік ұлттарының киім үлгілерін көрсетті.

    Өміріміздің ең бақытты сәтінде ұлттық дәстүрлерімізді насихаттаудың өзі — айқын адалдықдың белгісі
    20.03.2023

    Өміріміздің ең бақытты сәтінде ұлттық дәстүрлерімізді насихаттаудың өзі — айқын адалдықдың белгісі. Біздің қасиетті халқымыздың рухани жәдігерлерінің бірі — дәстүрлі халық әндері болып табылады. Наурыз мейрамы қарсаңында, “Ақниет” мектеп-интернатының педагог — тәрбиешілері мен мұғалімдері: Турусбекова К.Р.,Текенева Г.Ж., Базылханова К,Аманова А.И, Туйебаева А.К, Чанваева А.Т дәстүрлі халық әндерін орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді
    20.03.2023

    Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлыстың ұлы күнімен  құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын! Бүгін 0-4 сыныптар арасында «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем!» атты мерекелік іс-шара өтті. Наурызға күйден шашуын ала келген арнайы шақырылған өнерлі қонағымызға лайықты баға бере отырыңыздар! Құрманғазының күйі «Адай» Орындаған: Туреханұлы Мирас

    Мерекеге Қыдыр ата болып келген қонағымыздың әнін тамашалаңыздар! Ән: «Сайра бұлбұл»

    Орындаған: Игисинов Әділет

    4 топтың ата-аналары өз тобын таныстырып, Наурыз көже туралы мәліметтер айтып, ұлттық нақыштағы киім үлгісін көрсетіп, мол дастархан жайып өзара өнер көрсетті. Наурыз тойында әдемі ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би мен қызықты сайыстар болды. Ән мен тәттіден шашу шашылып, балалар қызық-қуанышқа кенелді. Наурыз — бақыт пен шаттық мерекесі. Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз тойы ән мен күйдің шашуы! Мерекеден мерекеге дейін аман-есен жете берейік, ағайын!

     

    Құрметті оқырмандар, ұстаздар, «Ақ ниет» білім ошағының тәрбиеленушілері
    20.03.2023

    Құрметті оқырмандар, ұстаздар, «Ақ ниет» білім ошағының тәрбиеленушілері,  Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз! Бүгін орта және жоғары топ тәрбиеленушілері арасында Наурыз мерекесіне арналған дүбірлі «Төрлет, Наурыз төріме!» атты ойын-сауық шарасы өтті! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге, жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ата-бабаларымыз, наурыз мерекесін «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» деген! Бұл күні  әжелеріміз бен ауыл жастары, үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татақан. Қонаққа барып, той дастархан төрінен орын алған!

    14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады
    15.03.2023

    14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттілерін қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
    Құрметті «Ақ ниеттің» оқырмандары, қазақ елі, сіздерді бүгінгі Көрісу мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз, мерекеден-мерекеге аман-есен жете берейік!

    Құрметті «Ақ ниет» әлеуметтік парақшасының оқырмандары, Газраилова М.Н. Сіздерге игі істі жалғастыру мақсатында күйтартыс челленджін жолдайды.
    15.03.2023

    Құрметті «Ақ ниет» әлеуметтік парақшасының оқырмандары, Газраилова М.Н. Сіздерге игі істі жалғастыру мақсатында күйтартыс челленджін жолдайды. Қабыл алыңыздар! Мерекелік іс-шаралар сіздердің парақшаларыңыздан  өз жалғасын табады деп сенеміз!

    Ермекқызы Тұмар күйтартыс челленджін студент-тәрбиеленуші Газраилова М.Н. жолдайды!
    15.03.2023

    «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагог-логопеді Ахметова Г.С. күйтартыс челленджін тәрбиеленуші Ермекқызы Тұмарға жолдайды! Қабыл алыңыздар!
    15.03.2023

    Домбыра үйірмесінің жетекшісі Елюбаева С.Р. «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагог-логопеді Ахметова Г.С. күйтартыс челленджін жолдайды!
    15.03.2023

    Күмбірле сазды домбыра
    15.03.2023

    «Ақ ниет» мектеп-интернаты ұжымы Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мейрамы қарсаңындағы  онкүндік «Күмбірле сазды домбыра» күйтартыс  челленджін ашық деп жариялайды! Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жалаушинова Л.М. домбыра үйірмесінің жетекшісі Елюбаева С.Р. челлендж жолдайды.

    Страница 10 из 23« Первая«...89101112...20...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты