03.06.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Автор: admin

    Өскеменде 2023 жылдың 7 сәуірінде «St.ART» әлеуметтік-мәдени қоры өзінің жыл сайынғы «БІЗ ӨМІР СҮРЕМІЗ!»
    10.04.2023

    II Қайырымдылық Фестивалінің жобасын өткізді. Қордың ұйымдастырушысы  Станислав Владимирович Цих. Бір жыл бұрын ғана фестиваль Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-мәдени қауымының ерекше назарын аударған болатын.

    Фестивальдің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік-мәдени оңалту үшін жағдай жасау. Жоба әр күн үшін адамдарға керемет  мотивация береді, қоғамды әртүрлі нысандардағы мүгедектер мен қарттардың мәселелеріне тартады.

    «Ақ ниет» мектеп-интернаты жоба бойынша «Қолдан жасалған ғажайыптар» атты тәрбиеленушілеріміздің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін ұсынды. Қонақтар, ұйымдастырушылар мен қатысушылар орталық мәдениет үйінің залына лық толды.

    Біздің «Камертон» триосы «Добрая песня» 2 әнін орындаса, «Күншуақ» би ансамблі «Көктем» биімен өз өнерлерін ортаға салды. Бек-Сейіт орындаған арбадағы «Вальс» биі көрермендерді баурап алды. Светлана Каримуллаевна сөз сөйлеп, жобаны ұйымдастырушыларға алғыс хат табыс етті. Адамдарға деген сенімімізді жоғалтпай, әр күнімізді жақсылық пен қайырымдылыққа бөлейік. Жақсылықты бағалап үйренейік! Бізге қымбат жандар үшін, аман болайық!

    Құрметті ата-аналар!
    04.04.2023

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы  «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ 2023-2024 оқу жылына 0-4 сыныпқа оқушылар қабылдайды. Оқыту тілі: қазақша/орысша.

    «Ақ ниет» мектеп-интернаты сөйлеу,  есту, көру, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, интеллектісі сақталған балаларға арналған арнайы мектеп болып табылатын және балалардың  жалпы білім беру жүйесіне енуге жағдай жасап отырған республикадағы жалғыз мекеме болып табылады.

    Бастауыш білімді мектеп-интернаты қабырғасында алады, 5 пен 11 сынып балалары инклюзивті  жақын маңдағы жалпы білім беру мектептерінде оқиды, 9 сыныптан кейін техникалық және кәсіби білім Өскемен қаласы колледждерінде жүзеге асады.

    «Ақ ниет» мектеп-интернатында қалалық емес балалардың білім алуы мен тұруға ыңғайлы жағдай жасалған, кедегісіз орта ұйымдастырылған, оқу кабинеттері заманауи құрылғылармен жабдықталған.

    Тәрбиеленушілер арнайы педагогтардың  (логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, дефектолог) коррекциялық түзетуі,  психологиялық-медициналық-педагогикалық жетелеуі сонымен қатар балалар қосымша білім берумен қамтылады. Педагогикалық ұжым арнайы даярлықтан өткен.

    Мектеп-интернатына психологиялық – медициналық — педагогикалық кеңес (ПМПК) тұжырымдамасымен қабылданады. Ата-аналарынан (заңды өкілдерден) балаларды 0 сыныпқа  қабылдау  өтініші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына сәйкес «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету» осы 2023 жылдың 01 сәуір 01 тамыз аралығында қабылданады. Жұмыс кестесі мереке және демалыс күндерінен басқа кезде дүйсенбіден сенбі кешке дейін.

    Орналасқан жері: Өскемен қаласы, Севастополь көшесі, 6/2,  «Ивушка» дүкенінің маңында.

    Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады: www.vko-akniet.kz (Яндекс жүйесінде іздеп көру), Фейсбук парақшасы https://www.facebook.com/profile.php?id=100059250771066&mibextid=ZbWKwL, Инстаграм https://instagram.com/schoolakniet_2016?igshid=ZDdkNTZiNTM= сонымен қатар мына  телефондар арқылы: 8 (7232) 54 48 21, 8 (7232) 21 55 19, сот 8 7778568260.

    28-30 наурыз аралығында Тараз қаласында параолимпиадалық жүзуден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті
    04.04.2023

    28-30 наурыз аралығында Тараз қаласында параолимпиадалық жүзуден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Біздің тәрбиеленушілерімізден Асылбеков Дамир және Александров Игорь қатысып жүлделі орындармен оралды. Атап айтатын болсақ, Александров Игорь Спорт шеберлігіне үміткер, Асылбеков Дамир 100 метрге еркін жүзуден 2 ші, 50метрге арқамен жүзуден 3 ші орын алды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

    Аутизм. Әлем баршаға ортақ
    31.03.2023

    2023 жылдың 30 наурызында ШҚО «Аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығы (аутизм-орталық)» ББ КММ-де «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» атты мерекелік шара Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының арнайы педагогтарына арналған «2023 жылдың Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне» орай өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты – түзету мамандарын ерте диагностика, психологиялық-педагогикалық араласу және әлеуметтік бейімдеу қызметтерінің кешенінің жұмысымен таныстыру. «Ақ ниет» мектеп-интернатының психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары Аутизм орталығындағы ашық есік күніне барып,  2 сағат көлемінде орталықтың педагогтері, жұмыс барысы, диагностикалық әдіс-тәсілдері және жұмыс бағдарламаларымен танысып, аталған шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

    Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кеңесінің
    30.03.2023

    Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кеңесінің «Балаларды қолдау орталықтарын түрлендіру және кәмелетке толмағандарды бейімдеу» атты диалог алаңы аясында 30 наурызда «Ақ ниет» мекемесінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталықтарының жетекшілері қатысты.

    Кездесу барысында қонақтар балалардың білім алуы мен тұрмыс жағдайымен танысты. Әріптестер балалар  үшін қолжетімді ортаны, мұғалімдер мен тәрбиеленушілердің оқу үдерісін ұйымдастырудағы шығармашылық және заманауи көзқарастағы  ерекшеліктерін атап өтті. Кездесу соңында қонақтар «Ақ ниет» мектеп-интернатының барша ұжымына шексіз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіби табыстар мен жетістіктер тіледі.

    Армысыздар, құрметті оқырмандарым
    25.03.2023

    Армысыздар, құрметті оқырмандарым, қаймағы бұзылмаған қазақ елі! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Ақ ниеттегі» әр ұлт өкілі қонаққа келіп, ақ дастархан жайылып, ерекше аталып өткен Наурыз мерекесі барысында педагогтарымыздан алынған жүрекжарды құттықтау лебіздерін қабыл алыңыздыр! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

    Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт — береке әкелсін!

    Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
    Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

    Би де бір жұмбақ
    22.03.2023

    Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Ақ ниет» «мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімдерінің «Би де бір жұмбақ» челленджін қабыл алыңыздар!

    Наурыз мерекесі  жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндет деп санайды
    20.03.2023

    Наурыз мерекесі  жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндет деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады.

    Төменде «Ақ ниет» мектеп-интернатының 4 топ тәрбиеленушісі Серікбек Айбардың анасы Нұрсауле ханымның наурыз көжені даярлау үлгісін ұсынып отырмыз.

    Құрамы: 1 келі ет

    Қазы, қарта

    100 грамм бидай

    100 грамм күріш

    100 грамм жарма (перловка)

    100 грамм тары

    Тұз

    3 литр су

    1 литр сұйық құрт

    Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға салып, қалауыңызша құрт қосып араластырыңыз. Астарыңыз дәмді болсын!

    Қазақтың той дастарханын бауырсақсыз елестету мүмкін емес
    20.03.2023

    Қазақтың той дастарханын бауырсақсыз елестету мүмкін емес. Өзі дәмді әрі тойымды нан тағамы ұлттық тағам түрі саналады. Дастарханның сәніне айналған бауырсақты сүйсініп жемейтін қазақ жоқ шығар, сірә!

    Наурыз мерекесі – халқымыз асыға күтетін мейрам. Ұлыстың ұлы күнін молшылық пен тоқшылықта қарсы алуға асығатын халқымыз дастарханға бауырсақты молынан қояды. Осы күні әрбір шаңырақта майдың иісі шығып, бауырсақтан дәм татпайтын адам болмайды.

    Қазақ халқы нан тағамдарын аса қадірлеген. Бауырсақты жас та, кәрі де сүйсіне жейді. Негізінен еліміздің әр өңірінде бауырсақты түрліше дайындайды. Ши бауырсақ, ақ бауырсақ, май бауырсақ деген түрлері бар.

    Осы парақшаны жүргізетін педагог-тәрбиеші — мен, Мадиева Назым Асембаевна, бүгін сіздерге анам мен ұлым Әбілмансұрдың Марқакөлдің бауырсағы мен қима бауырсақ пісіргенінен бейне үзіндіні ұсынып отырмын. Анамыздың дастарханының сәніне айналған дәмді әрі жұмсақ бауырсақтары көп болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын, ағайын!

    Тіл үйірер қазақтың ұлттық тағамдары
    20.03.2023

    ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІН БІЛІП ЖҮРЕЙІК! Қазақ халқының дәстүрлі тағамдану жүйесі қоршаған экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Сондықтан қазақтың әрбір дәстүрлі тағамы денсаулыққа қажетті құндылық бола отырып, пайдасының зор екенін білеміз. Бұл ғылыми тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденіп қойған. Қазақ халқының өмірінде ет, сүт тағамдары ең басты орынды иеленеді. Бұл тағам түрлерінің емдік, тұрмыстық қасиеттері бар.

    Страница 9 из 23« Первая«...7891011...20...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты