07.06.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Жаңалықтар

    2023 жылдың 14 ақпанында  Заң департаменті «Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы КАСЕНОВА НАЗГҮЛ БАЗАРБАЕВНА
    15.02.2023

    2023 жылдың 14 ақпанында  Заң департаменті «Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы КАСЕНОВА НАЗГҮЛ БАЗАРБАЕВНА мен   «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Біліктілікті арттыру институтының «Өрлеу» НЦПК директоры ЖҰМАНОВА ГАУХАР САЙЛАУБЕКОВАНЫҢ жетекшілігімен «Ақ ниет» мектеп-интернатына ресми сапармен «Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы МҰҚАШЕВА АЙГҮЛ МАҚСАТҚЫЗЫ, «Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағының» бас маманы  БЕКТАБАНОВ АЙДАРБЕК ЖАСЛАНҰЛЫ келді.

    Жиын барысында «Ақ ниетке» экскурсия ұйымдастырылып, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік, білім саласындағы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, қауіпсіздік техникасы және т.б өзекті мәселелер бойынша  әңгіме жүргізілді.  Кәсіподақ ұйымы тек ұжымдық  бірлескен  демалыстарды бірге өткізу ғана емес,  , әрине бұл да аса маңызды, бірақ ең алдымен, еңбек қатынастарын реттеу, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау және құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу болып табылады.

    15.02.2023    жылы «Ақ ниет» мектеп-интернатының  0-1 «ә» сынып оқушылары Өскемен қаласы бойынша, оқу-зерттеу  экобиоорталығына экскурсияға барды
    15.02.2023

    15.02.2023    жылы «Ақ ниет» мектеп-интернатының  0-1 «ә» сынып оқушылары Өскемен қаласы бойынша, оқу-зерттеу  экобиоорталығына экскурсияға барды. Осы орталық пен  «Ақ ниет» мектеп- интернатының арасын байланыстырып жүрген Халелова Альмира Толегеновнаға алғысымыз шексіз. Альмира Толегеновна  оқу жылының басынан   «жас эколог» үйірмесіне балалардың қызығушылығын оятып,  экобиоорталығынан  бауырымен жорғалаушылар,  жан – жануарларды алып келіп, таныстырып  жүрді. Экскурсия  балаларға ұнады. Олар жануарлардың ғажайып әлеміне саяхаттап, ерекше әсер алып қайтты.

    Бүгін 9 ақпанда 2023 жылы Ақ ниет мектеп-интернатының жеті бірдей педагогы
    09.02.2023

    Бүгін 9 ақпанда 2023 жылы Ақ ниет мектеп-интернатының жеті бірдей педагогы ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ мен «Өрлеу біліктілігі арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты   ұйымдастыруымен облыстық семинарға қатысып қайтты.

    Семинарда «Өрлеу біліктілігі арттыру ұлттық орталығы»АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты   оқытушылары: Сайран Ескендировна мен Толқын Төлеубековна Шеберлік сабақтарын өткізді. №8 арнайы мектеп-интернатының педагогтер қауымы ашық сабақтар өткізді.

    Семинарға келген әр қатысушы өз мамандығы бойынша ашық сабақтарға қатысып, сертификаттарға ие болып,  өздерінің педагогикалық қоржындарына қажетті ақпаратты ала білді.

    Осындай семинарлар мен кездесулердің «Өрлеу біліктілігі арттыру ұлттық орталығының қолдауымен жиі-жиі өткізіліп отыруы арнайы мектеп-интернаттары мен мекемелердің педагогтарының шеберлігін шыңдай түседі. Игі іс-шараға ұйытқы болған әріптестерімізге, Ұстаздар үйі оқытушыларына алғысымыз шексіз. Тек шығармашылық табыс тілейміз!!!

    Үй тапсырмасын орындау кезінде педагогтардың өзара іс-қимылы
    09.02.2023

    08.02.2023 ж. «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагог-тәрбиешілеріне арналған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметімен бірлесіп бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі «Үй тапсырмасын орындау кезінде педагогтардың өзара іс-қимылы» практикумы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты бастауыш сынып мұғалімдерінің, арнайы сала мамандары және педагог-тәрбиешілердің оқу-тәрбие үдерісіндегі өзара іс-қимылын өзектендіру болып табылады. Іс-шара барысында қатысушыларға математика және ана тілі сабақтарында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тапсырмалар әзірленді. Практикумда жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудың әдістері мен тәсілдері кеңінен қолданылды. Сондай-ақ, арнайы сала мамандары ерекше оқу түрін қажет ететін балалармен жұмыста қолданылатын түзету және дамыту бағытындағы түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды ұсынды. Практикум қатысушыларына бастауыш сынып мұғалімдері және арнайы сала мамандарымен әзірленген, өз бетінше және үй жұмысын ұйымдастырып, орындауда қолданылатын әдістемелік ұсынымдар таратылды.

    2023 жылдың 7 ақпанында Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде IV Қысқы қайырымдылық балы өтті
    08.02.2023

    2023 жылдың 7 ақпанында Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде IV Қысқы қайырымдылық балы өтті. Мектеп ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған сегіз арба сыйға тартты. Сүйкімді шәкірттеріміз Нұрланова Жанұр мен Баширова Ислана «Добрая песня» музыкалық номерімен өнер көрсетіп, баршаға  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. НЗМ-нің 9-11 сыныптың  аппақ көйлек киген сұлу қыздары мен сымбатты ұлдары ортада әсем әуенмен әдемі би өнерін жоғары деңгейде көрсете білді.

    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебі» филиалының директоры Ерниязова Жупат Оралқызына «Ақ ниет» мектеп-интернаты атынан Алғыс хат табыс етілді.

    «Мектеп – кеме, білім – теңіз, Барар жерге бәріміз бірге тез жетеміз!!»
    08.02.2023

    «Мектеп – кеме, білім – теңіз, Барар жерге бәріміз бірге тез жетеміз!!»

    Балалар 1 апта бойы   барлығы бірге «Ақ ниет» атты кемеде, тәрбиемен берілген ұшан-теңіз  – өлшеуі жоқ қазына білім аралдарына саяхат жасап қайтты. Педагог-тәрбиешілердің әдістемелік  апталығының қорытындысы бойынша мектеп-интернатымыздың директоры Светлана Каримуллаевна мен директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жалаушинова Л.М. мен Кудерова Ж.К. қорытынды айтып, ынталы, белсенді тәрбиеленушілерімізге мақтау қағаздарын табыс етті. Жүздерімізде күлкі, сәттілік пен  шеберлік тұнған  «Ақ ниет» кемесінде біз балалармен бірге сенімділікпен жүзіп келеміз және біздің білім мен тәрбие аралдарымыз әрқашан өз жемісін молынан  береді деп сенеміз!

    3 ақпанда жаратылыстану пәні бойынша «Тірі ағзалардың қасиеттері» тақырыбында өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру өтті
    08.02.2023

    3 ақпанда жаратылыстану пәні бойынша «Тірі ағзалардың қасиеттері» тақырыбында өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру өтті. Тәрбиеленушілер  зерттеудің негізгі әдістері туралы, тірі ағзалардың белгілері туралы, тірі және жансыз денелердің айырмашылығы туралы білімдерін қайталады. Балалар табиғат дыбыстарын тапты, тірі ағзалардың қасиеттеріне қарай кластер құрады. «Көбелектер» атты тыныс алу жаттығуларын және көзге  арналған гимнастика өткізді.

    3 ақпан  күні 1 «ә» сынып оқушыларымен ана тілі пәнінен буын
    08.02.2023

    3 ақпан  күні 1 «ә» сынып оқушыларымен ана тілі пәнінен буын, тасымал тақырыптары бойынша өзін-өзі оқыту жұмысы ұйымдастырылды.  Оқулықпен жұмыс жасалып, тынығу сәтінде көзге, саусаққа арналған жаттығулар жасалды. Үй тапсырмасын бекіту барысында ойын элементтері сәтті пайдаланды.

    Педагог-тәрбиеші: Малтаева Г.С.

    1 ақпан күні қазақ әдебиеті пәні бойынша өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру барысында 6 сынып оқушылары Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасынның екі бөлімін оқып
    08.02.2023

    1 ақпан күні қазақ әдебиеті пәні бойынша өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру барысында 6 сынып оқушылары Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасынның екі бөлімін оқып, талдап, мазмұндап, бірқатар жаңашыл әдістер қолдану арқылы тапсырмалар орындады. «Сұрақ қоймасында» жасырынған тапсырмаларды  балалар  бір-бірден алып-жауап берді. Оқулықпен жұмыс жасалып, тынығу сәтінде  көзге, саусаққа арналған әртүрлі көңілді жаттығулар жасалды. «FILA толтыру»  әдісі бойынша үй тапсырмасы тексерілді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша балалардың өздері сабаққа дайындық  деңгейін сәтті бағалады.

    Педагог-тәрбиеші: Туйебаева А.К.

    «Қызықты математика» аралында  математика пәнінен үй тапсырмасын орындау барысында жаңашыл
    08.02.2023

    «Қызықты математика» аралында  математика пәнінен үй тапсырмасын орындау барысында жаңашыл, әрі жеңіл әдіс-тәсілдерді қолдану.

    Педагог-тәрбиеші: Сулейменова А.С.

    Страница 10 из 18« Первая«...89101112...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты