Балалар жылы аясында көру, есту мүшелері, қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Арыстанбай Бекзат І орын, Серікбек Айбар, Нұртай Назым ІІ орын, Баширова Ислана мен Нурланова Жанур ІІІ орын алғаны үшін мадақтама қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
12 желтоқсан күні «Ақ ниет» мектеп-интернаты 6-шы туған күнін қарсы алды. Тәрбиеленушілер мен педагогтер қауымы жылда әр туған күнді асыға күтеді. Соған орай 15.12.22 күні мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеде әсем ән мен күй, мың бұралған би де болды. Балалар өз өнерлерін аянбай ортаға салды. Бал-бұл жанған балалардың жүзінен бұл қуанышты күні күлкі арылмады. Құттықтау ақ тілектері мен мәнерлеп оқылған өлең жолдары әр жүректен орын тапты. Туған күнің құтты болсын біздің сүйікті, «Ақ ниет»!
Өскемен қаласының ББ, Үлбі бөлімшесі
13 желтоқсан күні кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Әбілғасенова Айжан Бақытжанқызы «Ақ ниет» мектеп-интернатының ұстаздарымен кездесті, әңгіме тақырыбы «Алаяқтықтың алдын алу» болды. Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі туралы бейнематериалдар барлық жұмыс және ата-аналар чатына алдын ала жіберіліп, таныстырылған.
Алаяқтықтың ең көп таралған түрлері:
1. Жарнама сайттары арқылы алаяқтық. Алаяқ сатушы.
2. Жарнама сайттары арқылы алаяқтық. Алаяқ сатып алушы.
3. Әлеуметтік желідегі парақшалардағы бұзу.
4. Интернет-сайттарды (интернет-дүкендер) пайдалану арқылы жасалған алаяқтық.
5. Банк картасын блоктан шығару немесе ақша қаражатын есептен шығаруға жол бермеу сылтауымен жасалған алаяқтық.
6. Бұрын сатып алынған тағамдық қоспалардың (БАДы) орнын толтыру сылтауымен жасалған алаяқтық.
Кез келген алаяқтық оқиғалары туралы полицияға хабарлаңыз.
«Ақ ниет» мектеп-интернатында 14.12.2022 күні Тәуелсіздік күніне арналған «жасай бер, қазақ елі» атты салтанатты іс-шара өтті.
Шараға «Ақ ниеттің» ұжымы мен тәрбиеленушілері қатысты. Содан соң, мекеме директоры құттықтау сөз алды.
14.12.2022 күні «Ақ ниет» мектеп-интернатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер, қазақ елі» атты салтанатты іс-шара өтті. Шараға «Ақ ниеттің» ұжымы мен тәрбиеленушілері қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Тәрбиеленушілер өлең оқып, слайд көрсетілім, бейнежазбалар арқылы тарихқа шолу жасалды.
Барлық қазақ еліне Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мемлекетіміз жылдан жылға нығайып, ілгерілеп, дами берсін! Біз әрбір қазақстандыққа туған жерінде ең бақытты адам сезінуін тілейміз.
09.12.2022 жылы «Акниет » мектеп-интернатында «Мен — өз Отанымның патриотымын» атты ашық тәрбие сағатын педагог-тәрбиеші Турусбекова Кульзира Райыповна өткізді.
Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты балаларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Олардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту арқылы тәрбиеленушілерді патриоттық, эстетикалық, адамгершілікке, өз ой-пікірін еркін жеткізуге тәрбиелеу болды.
Ашық сабаққа қонақ ретінде Шығыс Қазақстан Облысы бойынша
Германиядағы Кеңес әскері тобымен Варшава келісім шарты әскери тобы ардагерлерінің төрағасы Секен Қинаятұлы шақырылды.
Ол кісі өз сөзінде: «Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос–жарандарың, туған -туысқаның. Отан — бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз»- деп өз ойын жеткізе білді.
24 қараша күні «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің домбыра сыныбы оқушыларымен «Дарын қанатында» атты іс-шара өтті. Бұл шарада «Көктерек» ансамблі «Ақ Ниет» мектеп-интернаты домбырашылары өз орындауында қазақтың халық әні Еркем-айды орыс тілінде орындап,халық әнінің салт- дәстүрін айтып берді. Фестиваль балалардың дарындарын дамытып, өздерінің ішкі әлемдерін ашуға мүмкіндік берді.
Нурланова Жанур
Қалымқан Іңкәр
Базарбаева Эмилия
Мышеловская Маргарита
Болатқан Толқын
Төлеухан Гүлім
Ұланбек Есіл
Қасымқан Алиман
Аталған жас домбырашы өнерпаздарымызды 1 орын иегері атануларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата — анасы. Отбасы — таным бесігі, отбасы — үлгі — өнеге бастауы. Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан — мейір алады. «Әке — асқар тау болса, ана — бауырындағы бұлақ, ал бала — жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала — отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Әрбір адам үшін отбасы үлкен құндылық. Біріншіден, ол өзі дүниеге келген отбасына, содан кейін өзі жасаған отбасына өзін береді. Отбасы — ең қымбат және жақын адамдар. Бұл жерде біз өзіміз туралы сырттан келген адамдар бізге айтуға батылы жетпейтінін ести аламыз, бірақ бұл жерде біз ешқашан сүюді тоқтатпаймыз. Біз үшін отбасы – біз қайтып оралуды асыға күтетін жер.
Біздің тәрбиеленушілер үшін отбасы ана мен әкеден бастау алады. «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагог-тәрбиешілері бір күнді отбасы тақырыбына арнап балалармен ең қымбат, әрі жақын адамдары туралы жан тебірентерлік әңгіме құрды. «Отбасы — бақыт мекені» атты ашық тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Балалар топ алдында отбасыларына деген ең жүрекжарды сезім мен тілектерін жеткізе білді.
25 қарашада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні және «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы басталды. Бұл науқан өзекті мәселелер туралы хабардар болу және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық туралы күрделі қоғамдық пікірталасқа қолдау көрсетудің таптырмас құралы болып табылады.
Осы мәселені айқындау мақсатында «Ақ ниет» мектеп-интернатында гендерлік теңдік және әйелдер мен қыздардың құқықтарын арттыру апталығы өтті. Шара барысында «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Оларға гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін шешу жолдары мен мәселелерін талқылауға мүмкіндік берілді.
Физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздарға тап болатын зорлық-зомбылықтың жалғыз түрі емес. Психологиялық және экономикалық зорлық та қатты әсер етеді. Біз кез келген адам көшеде, өз үйінде, жұмыс орнында немесе интернетте қауіп төндіретін әлемнің бар болуына жол бере алмаймыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің адам құқықтары жөніндегі әрекетке шақыруында айтқандай, біз қазір гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтатуымыз керек.
Біз азаматтық қоғамның гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және жоюдағы жетекші рөлін мойындаймыз және оның осы саладағы күш-жігерін көтермелеп, қолдаймыз!
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі ата-аналарды, мұғалімдерді және қоғамды алаңдатып отыр. Сондықтан бұл құбылыстың әлеуметтік алдын алу әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметінде жетекші орын алуы маңызды.
Ал алдын алу жұмыстарында жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу нақты аумақтық деңгейде және түрлі мемлекеттік органдарда, мекемелерде, қоғамдық құрылымдарда тікелей айналысатыны бұрыннан белгілі.
Өскемен қ Үлбі Пб кәмелеттік істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Әбілгасенова Айжан Бақытжанқызы «Ақ ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Басты тақырып қылмыстың алдын алу, телефондағы құмар ойындар, нашақорлық және қиын отбасылар жайлы болды. Әр тақырыпқа қысқаша тоқталатын болсақ:
Алдымен, бүгінгі таңда көптеген отбасында кездесетін құмар ойындарға деген тәуелділік қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылатыны айтылды. Құмар ойындарға тәуелділік — адамның компьютерлік, ұялы телефондардағы ойындарға тәуелділігі туралы әңгімені жиі естиміз. Әңгіменің бір бағыты – құмар ойындарға деген тәуелділіктің алдын алу. Оған құмар ойындарға деген құмарлық сезім мен компьютерлік ойындарға деген патологиялық тартымдылық тән.
-Нашақорлық дегеніміз не?
— Нашақорлық — заманымыздың дауасыз індеті.
— Нашақорлық – есірткі заттарды пайдалану.
— Нашақорлық – психикалық ауру.
Есірткіні ермек үшін пайдаланып көргісі келгендер азап торына қалай түсіп қалғанын өзі де білмей қалады.
Нашақорлар – ауру адамдар, олар есірткі заттар үшін түрлі қылмыстар жасайды. Есірткі зат нашақордың барлық ақыл — ойын билеп алады. Мәселені шешудің негізгі жолы – жеке тұлға, әр адамның бойында шыдамдық пен есірткіге деген жеккөрушілік көзқарасты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әртүрлі есірткілерді қолданудың әсері мен салдары туралы шынайы ақпарат беру.
Балалар мен тәрбиешілер өздерін толғандырған барлық сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Білім ошағымызбен тұрақты ынтымақтастықта жұмыс жасап жүрген полиция аға лейтенанты Абильгасенова Айжан Бақытжанқызына ерекше алғысымызды білдіреміз.
28 қарашада педагогтер тәрбиеленушілермен бірге «Біз есірткі мен ЖИТС-ке қарсымыз!» акциясын өткізді.
Акция есірткіні тарату және қолдану проблемаларына, сондай-ақ олардың ағзаға әсері мен ЖИТС сияқты ауруға әкелетін зардаптарға қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Балалар барлық зиянды дерттің алдын алу үшін «Біз есірткіге қарсымыз! деген ұранмен «Сөздік портрет» ойыны барысында нашақордың портретін салып (темекі, алкоголь есірткіге тәуелді), оған қысқаша сипаттама беріп, оның қандай жақсы не жаман қасиеттері бар екенін жазып, өз жұмыстарын топ алдында қорғады.
Акцияның мақсаты – өз денсаулығын сақтаудың маңыздылығын жеткізу.
Нашақорлық мәселесін шешу қиын. Бүгінгі күні нашақорлықты емдеудің және пациенттерді оңалтудың жеткілікті тиімді әдістері, сондай-ақ осы процеске жаңа адамдарды тартудың алдын алу жолдары жоқ. Мәселені шешудің негізгі жолы – жеке тұлға, әр адамның бойында шыдамсыздық пен есірткіге деген жеккөрушілік көзқарасты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әртүрлі есірткілерді қолданудың әсері мен салдары туралы шынайы ақпарат беру.