ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 19 мамыры мен 10 маусым аралығында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңін қашықтан өткізді.
Байқауға облыстың арнайы білім беру ұйымдарының 27 педагогі қатысты. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын байқаудың жалпы ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» номинациясы бойынша:
І орынды ШҚО ББ «Ақ ниет мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі Искакова Салтанат Нуртазановна иеленді. Әріптесімізді І жүлделі орынмен шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!
Болашаққа кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. 9 сыныптарға болашақ кәсіптік бағдар беру мақсатында колледждермен жасалған келісімшарт негізінде дәстүрлі түрде «Ақ ниетте» биыл 5-ші жыл курсалды және сабақтарға бейімдеу аяқталды. 7 оқушы оператор ЭВМ курсы бойынша «Компьютер для офиса» 72 сағаттық, 6 оқушы «Есеп және аудит» мамандықтардың алғашқы дағдыларын игеріп, болашақта осы мамандық бойынша оқуын жалғастыруға үміткер. Жалпы осы бес жылдың ішінде бітірген 9-10 сынып бітірген 38 түлектің ішінде 5 оқушы аудармашылық істі, 8 оқушы оператор ЭВМ мамандығын таңдады. 2 түлегіміз оператор ЭВМ мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнында оқиды.
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған кездесулер өткізіліп тұрады. Осы бағытта инклюзивті сыныпқа қосылудың кедергісіз жолының бірі ретінде «Ақ ниет» мектеп-интернатының 4 сынып бітіруші түлектерімен балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құралған арнайы психологиялық бейімделу бағдарламасы жүргізілуде. №15 мектеп ұстаздарымен байланыс орнату мақсатында кезекті кездесу «Ақ ниетте» өтті. Бұл кездесуден екі жақта өздеріне көптеген мағлұматтар алды. Балалардың білім сапасымен қатар өмір сүруге қолайлы ортасына экскурсия жасап қайтқан қонақтарымыз өз ризашылықтарын білдірді.
Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық.
Жоғары сынып қыздары арасында «Бүгінгі таңда қазақ қызы қандай?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас кездесу өткізілді. Пікірталас барысында жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ғылымның барлық бағыттарында интеллектуалды қабілеттері дамыған, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған, жоғарғы деңгейдегі мәдениетті және адамгершілікті, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінген қыз баланың тұлғасын қалыптастыру маңыздылығы жан-жақты қарастырылып, ортақ ой талқысына түсті. Қыздарымыз өз пікірлерін еркін және нақты дәлелдермен ұштастырып жеткізе білді. Елімізде әдемі, әрі ақылы мен көркі жарасқан сұлу да саналы қыздарымыз өсе берсін! «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деген Мұхтар Әуезовтың нақыл сөзін әрдайым жадымызда ұстайық!
9- мамыр Жеңіс күні- бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Осыған орай «Ақ Ниет» мектеп-интернатында балалармен Отан үшін от кешіп, Жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы видеофильм көрсеттік. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, өз елін, өз жерін қастерлейтін саналы да, парасатты елжанды- ұлтжанды ретінде тәрбиелеу. #деньпобеды2022
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» Ұлы Отан соғысындағы даңқты Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай «Ақ ниет» мектеп-интернат тәрбиеленушілері патриоттық әндер орындады. Бүгінгі ұрпақ ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңісті, мәңгі жадында сақтайды.
9 мамырға арналған қолөнер балаға тақырыптың бүкіл мәні мен маңыздылығын жеткізуге көмектеседі. Шығармашылық жобаны бірлесіп жасаудың арқасында оқушылар арасында салтанатты мерекеге деген дайындықты қалыптастырады. 9 мамырға арналған қолөнерді балалар парадпен, түрлі-түсті ашық хаттармен, шарлармен және отшашулармен байланыстырады. Жұмыстарды жасау үшін қолыңыздағы кез-келген материалдарды пайдалануға болады. Бұл істе ең бастысы — қиял мен тапқырлықты көрсету. Жеңіс күніне біздің балалар керемет түрлі-түсті қолөнер бұйымдарын жасады.
Құрметті, біздің оқырмандарымыз, сіздерді шын жүректен Жеңістің 77-ші көктемімен құттықтаймыз!
Жеңіс күніне орай «Ақ ниет» мектеп-интернат аумағында Жеңістің 77 жылдығына арналған асфальтқа сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды. Әр бала өзіне берілген аумақта жұмыстарын әдемі орындады. Балалар үлкен қызығушылықпен әртүрлі суреттерді түрлі-түсті бормен салды.
Құрметті әріптестер, оқырмандар! Сіздерді Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым ету ретінде жадымызда мәңгі ұстаймыз. Отан үшін от кешкен батыр бабаларымыз ел есінде мәңгі сақталмақ. Сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырлары тарих төрінен мәңгілікке орын алсын!
7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық ерлік сағаты өтті.
Оқушыларға қазақ жауынгерлерінің, қазақ қыздарының ерліктерін насихаттай отырып Отансүйгіштікке, намысшылдыққа, қайсарлыққа, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Құрметті оқырмандарым! Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мамырдың бірінші күндері Қазақстан аса жарқын әрі мейірімді мерекелерінің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін «Ақ ниет» ортақ үйімізде «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты ерекше мерекелік іс-шарамен атап өттік. Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Бұл 150-ден астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Қазақстанның кең шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, корей, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің зор мәні де осы.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!