09.05.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Жаңалықтар

    Бүгін 27.12. 2023 жылы 0 «А», 2 «А». сыныптарында «Қош келдің, Жаңа жыл мерекесі» өтті.
    27.12.2023

    Мерекелік атмосфера балаларды  баурап алды.

    Мерекені Гринчтің ертегі кейіпкері бастады, ол алғашқы минуттардан бастап балаларға керемет көңіл күй сыйлады, оның артынан басқада ертегі кейіпкерлері келіп қосылды. Аққала,  қоян, түлкі келер жылдың  символы айдаһар.

    Аяз ата мен ақшақардың келген сәтінен бастап мереке жандана түсті. Әдемі  шырша жанында ән айтып ,  би билеп көңілді  ойындар өткізді.

    Қызықты Көрсеткен өнерлері үшін  балалар аяз атадан тәтті сыйлықтар мен естелікке фотосуреттерге түсті.Мерекеге ата-аналар қатысты, олар өткен іс-шарадан көптеген жағымды эмоциялар алды және ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге әдемі жаңа жылдық мереке үшін алғыс білдірді!

    Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке деп саналады.
    26.12.2023

    Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке деп саналады.

    Бүгін 26.12.2023 ж  0»ә» және 2»ә» сынып тәрбиеленушілерінің «Қош келдің, сиқырлы Жаңа жыл!» атты ертеңгілігі өтті. Балалар сиқыршы-феямызбен бірге мультфильмдер әлеміне саяхат жасады.

    Балалар Жаңа жыл, қыс мезгілі туралы тақпақтарын нақышына келтіре айтып, хормен «Шырша»,»Жаңа жыл» әнін орындады.Сондай-ақ Ақшақар биін билеп өте қызықты ойын түрлерін көрсетіп, өз өнерлерін паш еткен бүлдіршіндер Аяз ата дорбасынан сыйлық тәттілерін алып мерекелік жақсы көңіл күймен аяқталды.

     

    Біз ғажайыптар мен армандарға сенетін болсақ, олар міндетті түрде орындалады, әсіресе жаңа жыл қарсаңында.
    24.12.2023

    Біз ғажайыптар мен армандарға сенетін болсақ, олар міндетті түрде орындалады, әсіресе жаңа жыл қарсаңында. Облыс әкімі Е.Көшербаевтың атынан «Қош келдің жаңа жыл» мерекесінде «Ақ ниет» мектеп тәрбиеленушілеріне  осындай  тілектер айтылды. Ертегі әрекетінің кейіпкерлерімен бірге балалар қуана ойнап, көңіл көтере алды. Балалар алдында әкімнің орынбасары Д. Сапанов құттықтау сөз сөйлеп, ертегі іс-шарасының соңында балаларға тәтті сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Өңір әкімі Ермек Беделбайұлы мен білім басқармасының балалары мен ата-аналарының атынан жаңа жылдық іс-шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ балаларымызды қолдағаны, қуаныш пен керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!

    «Ақ ниет»мектеп интернатының 2  және 3 сынып тәрбиеленушілері «Жаңа жыл» мерекесіне орай «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік»мектебі ұйымдастырған ертеңгілікке қатысып келді.
    21.12.2023

    Бүгін 21.12.2023 ж

    «Ақ ниет»мектеп интернатының 2  және 3 сынып тәрбиеленушілері «Жаңа жыл» мерекесіне орай «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік»мектебі ұйымдастырған ертеңгілікке қатысып келді.

    Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап бізді жылы шыраймен қарсы алып,ерекше ,ғажап көңіл -күй сыйлады. Ертеңгілік барысында әр-алуан кейіпкерлері ұйымдастырған ойындар мен әсем ән,көңілді билерімен балаларды баурап алды. Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың әзірлеген өлеңдерін, әндерін тыңдап тәтті сыйлықтарын тарту етті.Мереке соңында балаларға сыйлықтарын үлестірді.Балалар жақсы  көңіл күймен тарқады.

    «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Мухтарханова Гульшат Токтасыновнаға, «Қоғамға қызмет» жобасының координаторы Куадыкова Толқын Талгатовнаға осындай іс- шара өткізгендері үшін өз алғысымызды білдіреміз.

    Бүгін 14.12.2023ж 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Ақ ниет» мектеп интернатында Білім- инновация лицей білім беру ұйымының тәрбиеленушілерімен бірлескен мерекелік іс-шарамыз өтті.
    16.12.2023

    Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін!
    Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын!Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты Қазақ елі!

    «Дарын қанатында» атты қалалық байқау фестивалі
    12.12.2023

    2023 жылдың 12 — желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Я, ты, он, она — вместе дружная семья!» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен өткізілген «Дарын қанатында» атты қалалық байқау фестивалінде «АҚНИЕТ» мектеп интернатының «Көктерек» домбырашылар ансамбльі жүлделі орынға ие болды! Ансамбль қатысушыларына, ата- аналарға ерекше алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Педагог: Елюбаева С.Р.

    Жалпыұлттық басылымдықтар: Сапалы білім беру бәріне қолжетімді
    06.12.2023

    01.12.2023 ж. «Ақ ниет» мектеп-интернаты» басазында ШҚО Білім басқармасының «ORKEN» Шығыс Қазақстан өнерлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жалпыұлттық басылымдықтар: Сапалы білім беру бәріне қолжетімді» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

    Диалог алаңына қатысушылар: ШҚО Білім басқармасының «ORKEN» Шығыс Қазақстан өнерлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының мамандары, ШҚО арнайы мектеп-интернаттары мен білім беру ұйымдарының мұғалім-логопедтері және дефектологтары.

    Мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен сапалы білім беру деңгейін үнемі арттыру мәселелерін талқылау, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының заман талабына сай құзіреттілігін арттыру.

    Диалог алаңын өткізу барысында педагогтар арнайы сала мамандарының жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жас мамандармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырып, оларға қолдау көрсетті.

     

    30.11.2023 ж.мұғалім-логопед Қажибекова А.М. 2 “А” сынып оқушысымен “Менің туған өлкем” лексикалық тақырыбында «Ж дыбысының автоматизациясы» бойынша жеке ашық сабақ өткізді.
    30.11.2023

    Сабақ барысында алдыға қойылған барлық міндеттер жүзеге асырылды.2 «А» сынып оқушысы барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Сабақта әртүрлі логопедиялық әдіс-тәсілдер қолданылды. Кәсіби сенсорлы “Ақылды айна” құрылғысы,нейроскакалка көмегімен жаттығулар жасап,оқылым мен жазылымға көңіл бөлінді.

    29.11.2023 жылы сурдопедагог Аңсағанова А.Б 0 “ә” сынып оқушысымен “Сөздердегі шулы дыбыстарды (Ш, Ж) естіп ажырату. Менің туған өлкем” тақырыбында жеке ашық сабақ өткізді.
    29.11.2023

    Сабақта келесідей жаңа ақпараттық технологиялар қолданылды👇🏻
    • мультисенорлы тілдік «Унитон-М» тренажері;
    •кәсіби сенсорлы «Ақылды айна» құрылғысы;
    •дидактикалық ойындар, нейротвистерлер, қоңыраулар, суреттер, массажды кілемшелер, доптар және аудиоматериалдар.

    28.11.2023 ж. мұғалім-логопед Ахметова Г.С. 0 «а» сынып оқушыларымен «[С], [З] дыбыстарының автоматизациясы», «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында ашық топтық сабақ жүргізді.
    28.11.2023

    Сабақ барысында логопедиялық бағыттың заманауи әдіс-тәсілдері қолданылды. «Ақылды айна» сенсорлық кәсіби құрылғысының көмегімен оқушылар жаттығуларды қайталап, түзете-дамыту тапсырмаларының барлығын қызығушылықпен орындады.

    Страница 3 из 18«12345...10...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты