09.05.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Жаңалықтар

    2023 жылдың 27 қарашасында түзете дамытушылық бағыттағы арнайы сала мамандарының «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбындағы апталығының ашылуы өтті.
    27.11.2023

    Апта бойы түрлі коррекциялық ойындар және іс-шаралар, ашық түзете дамытушылық арнайы сала мамандарының сабақтары өткізіледі. Сонымен қатар бүгін бірінші күнді МО жетекшісі тифлопедагог
    Енсебаева Сауле Қурмангалиевна өзінің түзете дамытушылық сабағымен бастады. Сабақтың тақырыбы «Қозғалыс процесінде кеңістікті бағдарлауды дамыту» және
    «Қазақстан қалаларына саяхат» атты 2-сынып балаларына арналған ашық сабақ өткізілді.

     

     

    Талабыңа нұр жаусын — Ерікболсын…
    17.11.2023

    Біз өмір сүріп жатқан ғасыр – білектілердің емес, білімділердің ғасыры. Білімге қол созғандардың қашан да бүгіні жарық, болашағы жарқын. Қазақстанда алғаш болып, оқытудың ерекше түрін қажет ететін балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп – интернатының жұмыс жасауы, жарық- жарқын болашаққа көп балаларды жетелеген мекен болып табылады.
    Бұл жерде:
    • ерекше жағдайды қажет ететін балаларға кедергісіз орта жасалған;
    • қатарластарымен тең дәрежеде сапалы білім игереді;
    • көру, есту, сөйлеу және тірек- қимыл аппараттары зақымданған балалар түзету-дамытушылық, емдік — сауықтыру шараларын арнайы сала мамандары мен медицина қызметкерлерінен алады;
    • орта кәсіптік білім беру мекемелерінде өздері таңдаған мамандықтарды игере алады;
    • өзі қатарлас – балалар жөнінде неғұрлым толық және шынайы түсінік алып, өз ерекшеліктерін дұрыс қабылдайды;
    • әлеуметтік өмірге толыққанды бейімделеді;
    Бұл аталмыш мектеп- интернаттың ең басты артықшылығы, ЕББҚ ететін ШҚО ауыл – аймақ және қала балаларына зор мүмкіндік. Балалар жас ерекшелігіне және денсаулық жағдайына байланысты әр түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Кең және жаңа форматта ашылған мектеп-интернатта балалар үшін барлық жағдайлар қарастырылған, арнайы мамандардың кабинеттері толығымен заманауи талаптарға сай жабдықталған.
    2016 жылы 12 желтоқсанда “Ақ ниеттің” салтанатты ашылу жиында Күршім ауданындағы үлгілі-тәрбиелі, толық отбасынан алғашқылардың бірі болып келген Әйкен Ерікболсын да болды. Ана сүтін, дене үшін табиғат әзірлесе, ерекше балалардың рухын биіктету үшін біздің педагогтер зор үлестерін қосуда. Ерікболсынның алғашқы тәрбиешісі – Мадиева Назым Асембаевна болды.
    Ата-ана сеніп тапсырған соң ертеңгі қоғамның бір беделді тұлғасын тәрбиелеу педагог-тәрбиешіге жүктеледі. Өз отбасынан басқа ортаға келіп түскенде дұрыс бағыт-бағдар беріп, қоғамда өзін жан-жақты көрсетіп ашылуы үшін алғашқы тәрбиешісінің орны ерекше болды. Ерікболсын кез-келген мектепішілік іс-шараларда шебер жүргізуші болып, сайыстарға қатысқанда топтың көшбасшысы болуға үйренді.

    “Ақ ниеттің” педагогтары әр тәрбиеленушіні әлеуметтендіру, біліктілігін арттыру, денсаулығын нығайту жолында үлкен жауапкершілікті іс атқара білді. Сол себепті, интернаттық ұйымдарда ерекше бала үшін ең жақын адам ол –тәрбиешісі. Бұл жаңа кезең бала жүрегінде ұмытылмайтындай өшпес із қалдыратыны сөзсіз.
    2019 жылы алғашқы түлектердің бірі болып ҰБТ жақсы нәтиже көрсетіп, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Жоғары педагогика мектебі, педагог-психолог мамандығына оқуға түсті. Қазіргі жұмысқа тұрудағы жаңа талаптарға сай барлық кезеңдерден құрылған конкурстан, ең жоғарғы балл алып, өтіп, бүгінде өзі ұшқан ұясына жоғары білімді педагог-психолог маманы болып келді. Ерекше балалармен жандары үндестікте болғандықтан Ерікболсын тәрбиеленушілермен тез, жақсы тіл табысуда. Алғашқы еңбек жолын өз интернатында бастағандықтан жас маманға әріптестері жан-жақты қолдау көрсетуде.
    Бүгінде “Ақ ниеттен” тәлім-тәрбие, дағды, бағыт-бағдар алып, өз күштеріне сеніп «Өмір» атты үлкен жолға қысылмай қадам басып, жоғарғы оқу орындарын тәмәмдап, еңбек жолдарын бастап жатқан қаншама тәрбиеленушілерімізбен мақтана аламыз.
    Өзінің екінші үйіндей болып кеткен ұжымына келген Ерікболсынға қиын да қызықты еңбегіне мол жетістіктер тілей отырып, ерекше балаларды өмірге қанаттандырып, ата-ана алғыстарына бөлене бер, шығармашылық табыстар, жарқын болашақ тілейміз деп өз ойымды аяқтағым келеді.

    Бүгін 16 қараша 2023жылы
    16.11.2023

    ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ÖRKEN» ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ және СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ бірлесе өткізген «Білім беру ұйымдарында логопед, дефектологтердің кәсіби қызметін кешенді тәсіл арқылы ұйымдастыру» атты облыстағы білім беру ұйымдарының логопед, дефектологтердің кәсіби кездесуі болды.
    Шараның мақсаты – логопед, дефектологтердің кәсіби маңыздылығын арттыру, оларды қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыста педагогтердің құзіреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

    Қатысушылар санаты: аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының инклюзивті білімге жетекшілік жасайтын әдіскерлер, мектепке дейіңгі, орта, арнайы білім беру ұйымдарының, оңалту орталығының, ППҚК педагогтері, логопед, дефектологтері, ППҚ педагогтері, студенттер.

    Оларға Республикалық конкурс жеңімпаздары шеберлік сабақтарын көрсетті. «Ақ ниет» мектеп-интернатынан «Арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогы» 3-орын иегері: Лира Мұқаметханқызы «Тіл дамыту сабағында заманауи тиімді әдістерді қолдану» атты шеберлік сабағын көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды. Болашақта осындай танымдық іс-шаралар жалғасын таба берсін!

    Бүгін «Ақ — ниет» мектеп-интернатыда кәсіподақ ұйымының есептік-сайлау жиналысы өтті.
    01.11.2023

    Кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысы кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жыл кезеңіндегі қызметі туралы есепті және тексеру комиссиясының 2019-2023 жыл кезеңіндегі есебін назарға алды.
    Кәсіподақ ұйымының жиналысы кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы мен жаңа құрамын сайлады.

    Баланы жәбірлеудің (профилактикасы ) қағидаларын бекіту туралы
    30.10.2023

    Баланы жәбірлеудің (профилактикасы ) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес 30.10.23 жылы, Астана қаласының «Бөбек» оқыту орталығы онлайн семинар өткізді. Семинарға мектеп-интернатымыздың педагогтар қауымы қатысып, буллингтің алдын алу жөніндегі өз білімдерін жетілдірілді.

    «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты мерекелік концерт
    25.10.2023

    «25 қазан Республика күні» мерекесіне орай «Ақ ниет» мектеп — интернатында «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
    Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
    Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз!

    Бүгін бізді «Ақ ниеттің» мерекелік залына жұмбақ пен сиқырға толы алтын күз шақырды.
    13.10.2023

    Ол барлығына өзінің осы жылдағы соңғы, әрі керемет сәттерін, күзгі гүлдердің таңқаларлық хош иісін, жиналған жемістердің жарқын, әрі тартымды сұлулығын және күзгі қуанышты көңіл-күйді сыйлауға шақырды.
    Мерекеміз заманауи «Бәрекелді!» биімен басталды.

    Дәстүрлі денсаулық күні 30.09.2023 ж Самал саябағының спорт алаңында өтті.
    30.09.2023

    Оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен іс шара болды. Бағдарлама өте қызықты. Командалық ойындар, дене шынықтыру жаттығулары, флешмобтар өткізілді. Барлығы белсенді қатысты. Күнді таза ауада өткізу арқылы біз сергектік, күш қуат пен түрлі эмоциялар алдық. Іс-шара мақтау қағаздарын тапсырумен аяқталды. Қатысушылар шараның жүргізушілерімен мен ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді!

    Республикалық «Жұлдызай-2023» Ұлттық Инклюзивті Ойындарының ашылу салтанаты өтті
    18.09.2023

    Қыркүйек айының 18-22 аралығында Sport Qory қолдауымен ерекше оқу түрін қажет ететін балалармен жасөспірімдерді қолдау мақсатында Астана қаласында ұйымдастырылған республикалық «Жұлдызай-2023» Ұлттық Инклюзивті Ойындарының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш ойындарға 10-16 жастағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Олар: жеңіл атлетика, голбол, мини-футбол,үстел- теннисі, ұлттық ойын түрлері: «бес тас»,»асық ату» және «тоғызқұмалақ» сияқты керемет ұлттық спорт түрлерінен додаға түсті.Еліміздің түкпір- түкпірінен келген қатысушылар саны көп болды. «Ақ ниет» мектеп- интернатының тәрбиеленушілері Баширова Ислана мен Нұртай Назым қазақтың ұлттық ойыны «тоғызқұмалақтан» сайысқа түсіп, Жұлдызай -2023″ Ұлттық Инклюзивті Ойындарында тоғызқұмалақ жарыстарынан екі тәрбиеленушілерімізде 2 орын иеленіп диплом, кубок және медальдармен марапатталды. Тәрбиеленушілерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

    2023 жылдың 8 қыркүйек күні»Ақ ниет» мектеп-интернатының 1-3 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігінің нұсқаулығы бойынша сауықтыру сергіту сәті өткізілді.
    08.09.2023
    Страница 4 из 18« Первая«...23456...10...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты