10.05.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Жаңалықтар

    Ақ ниеттің «Екі жұлдыз» жобасы
    24.05.2023

    Екі жұлдыз-2023
    19.05.2023

    16 мамырда «Ақ ниеттің» тәрбиеленушілері, №15,19,37 мектеп оқушылары мен олардың ұстаздары арасында жиырма дуэттің қатысуымен «Екі жұлдыз-2023» көп жанрлық фестивалін өткізді. Фестиваль тамаша көңіл-күйдің, музыканың, ән мен бидің, мәнерлеп оқудың, аспаптық орындаудың, театрлық миниатюраның, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын көрсетудің және тіпті сиқырлы трюктердің нағыз мерекесіне айналды! Фестивальді «Жұлдызай-2023» республикалық байқауының облыстық кезеңінің және «Көктем музыка шоуы» халықаралық байқауының жеңімпазы «Ақ ниеттің» «Камертон» квартеті «Добрая песня» әнімен ашып, қатысушыларды шығармашылыққа шабыттандырды.

    Фестивальге Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжінің және Д.Серікбаев атындағы  жоғары IT колледжінің ерікті студенттері, жалпы білім беретін мектептер ұжымдарының қолдауының арқасында түрлі номинациялар бойынша балалар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен таланттарын көрсете білді.

    Фестивальдің қазылар алқасына қоғамдық ұйымдар мен қорлардың өкілдері шақырылды: Абдрахманова Елизавета Амировна – «Шаңырақ» медиация орталығының директоры, Цих Станислав Владимирович – «St.ART» әлеуметтік-мәдени қорының жетекшісі, Елена Анатольевна Баус – «Қазақстандық саңыраулар қоғамы» облыстық филиалының төрайымы, Аубакирова Сания Магауовна — «Үлбі» әлеуметтік орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты. Фестиваль соңында барлық қатысушылар мен олардың тәлімгерлері Дипломдармен марапатталса, «Шпион» би нөмірімен хореография номинациясы бойынша әдемі өнері үшін №15 мектептің оқушысы Құнанбай Бек-Сейіт бас жүлдеге ие болды.

    «Ақ ниет» ұжымы  әділқазылар алқасына, жалпы білім беретін мектептердің жетекшілері Бектургенева А.Б., Грачева И.Г. және фестивальді өткізу идеясына жауап берген ұстаздарға, залмен қамтамасыз еткені үшін №19 мектеп директоры К.Ф. Кикбаевке, балаларға тәтті сыйлықтар сыйлағаны үшін «Востоквзрывпром» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сомов Дмитрий Олеговичке ерекше алғыс айтамыз!

    Мерекенің сәнін келтірген Шығыс Қазақстан мемлекеттік колледжінің  студенттері Ескендиров Надир мен Құмархан Наурызға, сонымен қатар жүргізушілерге, түсірілім мен бейнероликті ұйымдастыруға көмектескен Шектібаев Арман Маратұлына алғысымыз шексіз. Фестиваль осы оқу жылындағы ең қызықты сәттер ретінде ұзақ уақыт бойы ерекше есте қалады!

    Керемет жобаны іске асыруда  нәтижеге жету үшін – ересектер мен балалардың бірлескен шығармашылық қызметке бірігуге және ортақ қуаныш сезімін сыйлауға деген үлкен ұмтылысы көмектесті! Келесі жұлдызды дуэттер әлі алда!

    12 мамырда Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік
    14.05.2023

    12 мамырда Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Айтқожин Темірлан жұмыс сапары барысында «Ақ ниетке»  келді. Оқу-тәрбие үрдісінің жағдайымен, коррекциялық қамтамасыз етумен танысып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен дамытудың заманауи талаптарға сай материалдық-техникалық базасының жай-күйін атап өтті. Кездесу соңында Айтқожин Темірлан ұжымға жайлы білім беру ортасы мен тәрбиеөмірін құрудағы білікті көзқарасы үшін алғысын білдірді.

    Ақ ниет мектеп -интернат кітапханасында Кеңес одағының батыры
    10.05.2023

    Ақ ниет мектеп -интернат кітапханасында Кеңес одағының батыры,қолбасшы,жазушы Бауыржан Момышұлының  ерлігін дәріптеу мақсатында #Аты аңызға айналған батыр # атты патриоттық сағат өтті.

    Батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналған шарада тәрбиеленушілерге  Кеңес одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, батырлығы, жазушының қаламынан туған өмір шындығын арқау еткен тамаша шығармалары, мақал-мәтел, нақыл сөздері туралы ауқымды мәліметтер берілді.

    Біз батырлар ұрпағымыз
    10.05.2023

    8.05.23 күні тәрбиеленушілермен «Біз батырлар ұрпағымыз» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабаларымыз туралы мағлұматтар айтылып, балалар өз ойларын ортаға салды. Бабалар ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі екені түсіндірілді.

    Құрметті қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері
    10.05.2023

    Құрметті қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері, еліміздегі әр отбасының қорғаны мен тірегі — ер азаматарымыз, сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
    Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

    Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз
    10.05.2023

    Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Соғыс жылдарында қорғанынан айырылған  аналар  мен балаларына тағзым етеміз!  Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!

    6- мамыр күні Ұлы Отан соғысының 78 жылдық Жеңіске»арналған » А ну- ка, мальчики » атты спорттық- дамытушылық сайыс өтті.
    10.05.2023

    6- мамыр күні Ұлы Отан соғысының 78 жылдық Жеңіске»арналған » А ну- ка, мальчики » атты спорттық- дамытушылық сайыс өтті. Тәрбиеленушілердің арасында командалық сайыс ойдағыдай өтіп, балалардың көңілінен шықты.

    4 мамыр күні «Ақ Ниет»мектеп- интернатында Ұлы  Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
    05.05.2023

    4 мамыр күні «Ақ Ниет»мектеп- интернатында Ұлы  Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.  Ұлы Жеңістің мән-маңызы және Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, баулу; бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздіктің жалпыадамзаттық құндылықтарын сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысында мерт болған жауынгерлердің рухына деген тағзыммен 1 минут үнсіздік жарияланды. «Бейбіт күн жасасын әлемде!»  тақырыбында 4-11 сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Қорыта келе оқушылар ұрпаққа ұлан болған Жеңіс күнінің қандай зор ерлікпен келгендігін ұғынды. Ерлік даңқы ешқашан өшпейтінін түсінді.

    Біз бейбітшілікті жақтаймыз
    05.05.2023

    02.05 мамыр күні «Ақниет» мектеп-интернатында тәрбиеленушілер аралығында «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» атты сурет көрмесі өтті. Балалар бейбіт ел туралы өз ойларын нығайту, рухани адамгершілік қасиеттерді ұялата білу арқылы суретті әсерлі бейнелей білді.02.05 мамыр күні «Ақниет» мектеп-интернатында тәрбиеленушілер аралығында «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» атты сурет көрмесі өтті. Балалар бейбіт ел туралы өз ойларын нығайту, рухани адамгершілік қасиеттерді ұялата білу арқылы суретті әсерлі бейнелей білді.

    Страница 6 из 18« Первая«...45678...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты