Мектепке қабылдау

Школьная жизнь
ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернатына»

1сыныпқа оқушыларды  қабылдауы

2022 оқу жылының 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін  шқо бб «ақ ниет» мектеп-интернаты» 0-1 сыныпқа оқушыларды  қабылдайды.оқыту тілі: қазақша/орысша.

«ақ ниет» мектеп-интернаты сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек-қимыл аппараты зақымданған, зияты сақталған балаларға арнайы және  инклюзивті білім беретін кіріктірілген моделді жүзеге асыратын республика бойынша бірінші мекеме.

1-4 сыныптар білімді мектеп-интернаты қабырғасында алады, 5 -11 сынып балалары жақын маңдағы жалпы білім беру мектептерінде оқыса, 9 сыныптан кейін техникалық және кәсіби білімді өскемен қаласы колледждерінде алады.

мектеп-интернатына психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес (пмпк) тұжырымдамасымен қабылданады. ата-аналарынан (заңды өкілдерден) балаларды 1 сыныпқа  қабылдау  өтініші мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына сәйкес «арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы  білім беру ұйымдарына қабылдау»  осы жылдың 1 сәуірден 1 тамыз аралығында қабылданады. жұмыс кестесі мереке және демалыс күндерінен басқа кезде дүйсенбіден сенбі кешке дейін

әр ата-ана мектепке өтінішті үйден шықпай онлайн режимде бере алады.

аталған  қызметті ата-аналар электорндық цифрлық қолтанбамен (эцқ) www.egov.kz  порталы арқылы  ала алады. өтініштерді 24/7 режимде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкімдігіне ие болады.

өтініш бере үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмерелін тіркеу керек.

баланың туу туралы күәлік

026/у-3 үлгісі бойынша «баланың денсаулық құжаты»

063/у үлгісі бойынша  баланың денсаулығы жөніндегі құжат;

3*4 өлшеміндегі екі фотосурет.

қазақстан республикасының резиденті емес тұлғалар үшін:

көші-қон карточкасының электрондық көшірмесі.

құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.

компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналаржақын мандағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.

«ақ ниет» мектеп-интернатында заманауи материалды-техникалық жарықтар және  құрылғылар бар, кедергісіз орта ұйымдастырылған, тұруға ыңғайлы жағдай жасалған. тәрбиеленушілер  арнайы  сала мамандары (дефектолог, логопед, тифлопедагог) қызметіне жүгіне алады,  психологиялық-медициналық-педагогикалық жетелеу, қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі. барлық педагогикалық және медициналық мамандар арнайы даярлықтан өткен.

орналасқан жері: өскемен қаласы, севастополь көшесі, 6/2,  «ивушка» дүкенінің маңында.

қосымша ақпаратты сайттан алуға болады: www.vko-akniet.kz (яндекс жүйесінде іздеп көру), сонымен қатар мына  телефондар арқылы: 8 (7232) 54 48 21, 8 (7232) 21 55 19, сот 8 7778568260


Прием на обучение в 1 класс в КГУ Школа-интернат «Ақ ниет»