Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конститутциялық заң

2007 жылдың 4 маусымынада   қабылданды. Осы Заңға байланысты сәкесінше жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні болып атап өтіледі.

Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба және мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы-Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы-дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде-бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан»деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай – ақ «Қазақстан» деген жазу-алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары-белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Ол алғаш рет 2006 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде айтылды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі-Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.