1 қыркүйекте «Ақ ниет» облыстық  мектеп-интернатында бастауыш  мектеп балаларына алғашқы қоңырау соғылды!

1 қыркүйекте «Ақ ниет» облыстық  мектеп-интернатында бастауыш  мектеп балаларына алғашқы қоңырау соғылды! Білім күніне арналған «Мектеп-Мейірім мекені» салтанатты жиынында бірінші және дайындық сынып оқушыларына құттықтау сөздер айтылды, балалар мен ата-аналар өз педагогтарымен танысты, ал мұғалімдер білім күніне арналған  сабақтарын өткізді.

Мерекенің құрметті қонақтары Рыпаков Денис Сергеевич, облыстық мәслихат төрағасы және Чугунков Олег Васильевич, облыстық мәслихат аппаратының басшысы, Мусинова Альмира Аскерхановна, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы жаңа оқу жылында балаларға жылы лебіздерін білдірді. «Мектепке апарар  жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Форте Банк» филиалының директоры Рианэлла Валерьевна Мауляшева  балаларды құттықтап, мектеп портфельдерін  табыс етті.

Құрметті әріптестер! Баршаңызды бірінші оқу күнімен құттықтаймыз және денсаулық, жемісті педагогикалық еңбек және жаңа жетістіктер тілейміз! Біздің балаларымыз бақытты болып, жетістіктерімен қуантсын!