Құрметті «Ақ ниеттің» оқырмандары! Наурыз мейрамы құтты болсын!Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт — береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Бәйшешекпен көктесе көңіл көгі,
Жаңа бақыт жеткізер жылдың лебі.
Жаңа күнің бұл сенің, жаңа жылың — Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!
Ізгі ниетпен, «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем!» атты мерекелік шараның ұйымдастырушылары атынан Мадиева Назым Асембаевна
9 наурыз күні 3 сынып оқушыларымен «Наурыз-праздник мира и добра» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Балаларға көрініс қою арқылы «Наурыз » туралы түсініктерін арттыра отырып, ой- өрісін тілін дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. #годдетей
8 наурыз қарсаңында «Ақ ниет» мектеп-интернатында кішкентай ару қыздарымызды құттықтау мақсатында мерекелік шара өтті. Көктемдей құлпырған сұлу қыздарымыз бен аналардың төл мерекесіне деген ерекше құрмет пен құттықтаулар болды. Көптеген қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Сайыскерлер әртүрлі номинациялармен марапатталды.
Біздің сүйкімді қыздар мен олардың сүйікті аналары, қымбатты да құрметті әріптес ханымдар! 8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілейміз!
Білім және ғылым қызметкерлерінің VIII облыстық спартакиадасының нәтижесі бойынша «Ақ ниеттің» намысын қорғаған Жалаушинова Лира Мухаметхановна мен Асқар Рамазанов тоғызқұмалақтан 1 орын иегерлері атанды. Шахматтан Маликов Руслан Владимирович 2 орын алды. Волейболдан қатысқан 9 команда арасында 4-ші орынды иеленді. Жалпы командалық сайыс бойынша спартакиададан 2орынды жеңіп алды. Қатысушы әріптестерімізді бәрімізге ортақ жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз, сіздерге деген сеніміміз бен алғысымыз шексіз!
Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. «Ақ ниет» мектеп-интернатында бала бойына алғыс айтудың зор мәні мен маңыздылығын қалыптастыру мақсатында өзара жақсы тілек пен жылы лебіздер жазылған ашық хаттар таратылды.
Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек көрсету мен дұрыс қарым – қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 28 ақпан күні 4 сынып оқушыларымен «Дос болайық бәріміз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Өз жас ерекшеліктеріне сай балалар достықтың қыр-сырымен жете танысып, шын дос бола білудің құпиясын тауып, қиындықтарын жеңу жолдарын қарастырды. Тәрбие сағаты педагог-тәрбиешінің жоғары кәсібилік дағдыларының арқасында сәтті өтті.
«Своя игра» интеллектуалды ойыны. Мақсаты: Тәрбиеленушілердің салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Міндеттері: жаман әдеттерден сақтандыру және оның жас организмге зиянды екендігін насихаттау. Балалардың өз ойларын айта білу, бір-бірін тыңдау, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Бәсекелестік сезімін қалыптастыру. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
СӨС қамтитын тақырыбының 4 бағыты балалардың жас ерекшелігіне және еліктеп жүрулеріне байланысты алынды.
Балалар жылы аясында біздің әлеуметтік серіктестеріміз «Әкелер мектебі» ЖШС қайырымдылық негізде балаларға бейне-фото түсіру мен монтаждауды үйрету курсын өткізеді. Курстың мақсаты – қосымша білім беруге заманауи компьютерлік бағдарламаларды енгізу және балаларды одан әрі дамыту үшін фото және бейне өңдеу саласындағы жаңа білім мен дағдыларды үйрету.
Ақ ниет мектеп-интернатында мектепішілік «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқаудың басты міндеті: балалар жылы аясында балалардың өнерін шыңдау, шабытын шарықтату, сөз қадірін түсінуге тәрбиелеу, оқырмандық ой-өрісін кеңейту, көркем әдебиетке баулу, мәнерлеп әдеби сөйлеуді дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Байқау аясында өздері таңдаған прозалық шығармадан үзіндіні қазақ және орыс тілінде мәнерлеп оқыды. Байқауға қатысушыларды әділқазылар алқасы бағалады. Байқауда Бас жүлде, 1 орын алған сайыскерлер қашықтықтан қалалық мәнерлеп оқу сайысына жолдама алды.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз».
Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады. «Ақ ниет» мектеп-интернатында да балалар жылы бағдарламасы аясында жас ұрпақтың өнерін сомдап, қанатын биікке қақтыру мақсатында » Екі жұлдыз» мерекелік шарасы өтті.
Түнгі аспанға қарап, біз қанша жұлдыздарды көреміз және олар әртүрлі жарқырайды! Үлкен және кіші жұлдыздар бар! Ақ пен көк, сары және қызғылт сары, тіпті қызыл! Ал жұлдыздардың жарықтығы оларға дейінгі қашықтыққа байланысты: неғұрлым жақын болса, соғұрлым жарық.
Біздің «Ақ ниет» аспанында барлық жұлдыздар жарқырайды. Ал біздің «Екі жұлдыз» іс-шарасы шығармашылық үрдістерді ілгерілетуге, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін белсендіруге, оларды сұлулық әлемімен таныстыруға бағытталған.