10.05.25
ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ
  • KZ
  • RU
    • Басты бет
    • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Паспорт
      • Устав
      • Лицензия
      • Әкімшілік
      • Ата-аналар блогы
      • Оқу жоспары
      • Директор блогы
      • Қамқоршылық кеңес
      • Бос орындар
    • Жаңалықтар
    • Медиа
      • Галерея
      • Бейне
      • Мектептегі тамақтану
    • Біртұтас тәрбие
    • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мемлекеттік сатып алулар
      • Мектеп бюджеті
    • ҚР Заңдары және НҚА
    • Байланыстар

    Жаңалықтар

    Құрметті ата-аналар!
    31.01.2023

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы   «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ 2023-2024 оқу жылына 0-4 сыныпқа оқушылар қабылдайды. Оқыту тілі: қазақша/орысша.

    «Ақ ниет» мектеп-интернаты сөйлеу,  есту, көру, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, интеллектісі сақталған балаларға арналған арнайы мектеп болып табылатын және балалардың  жалпы білім беру жүйесіне енуге жағдай жасап отырған республикадағы жалғыз мекеме болып табылады.

    Бастауыш білімді мектеп-интернаты қабырғасында алады, 5 пен 11 сынып балалары инклюзивті  жақын маңдағы жалпы білім беру мектептерінде оқиды, 9 сыныптан кейін техникалық және кәсіби білім Өскемен қаласы колледждерінде жүзеге асады.

    «Ақ ниет» мектеп-интернатында қалалық емес балалардың білім алуы мен тұруға ыңғайлы жағдай жасалған, кедегісіз орта ұйымдастырылған, оқу кабинеттері заманауи құрылғылармен жабдықталған.

    Тәрбиеленушілер арнайы педагогтардың  (логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, дефектолог) коррекциялық түзетуі,  психологиялық-медициналық-педагогикалық жетелеуі сонымен қатар балалар қосымша білім берумен қамтылады. Педагогикалық ұжым арнайы даярлықтан өткен.

    Мектеп-интернатына психологиялық – медициналық — педагогикалық кеңес (ПМПК) тұжырымдамасымен қабылданады. Ата-аналарынан (заңды өкілдерден) балаларды 0 сыныпқа  қабылдау  өтініші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына сәйкес «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету» осы 2023 жылдың 01 сәуір 01 тамыз аралығында қабылданады. Жұмыс кестесі мереке және демалыс күндерінен басқа кезде дүйсенбіден сенбі кешке дейін.

    Орналасқан жері: Өскемен қаласы, Севастополь көшесі, 6/2,  «Ивушка» дүкенінің маңында.

    Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады: www.vko-akniet.kz (Яндекс жүйесінде іздеп көру), Фейсбук парақшасы https://www.facebook.com/profile.php?id=100059250771066&mibextid=ZbWKwL, Инстаграм https://instagram.com/schoolakniet_2016?igshid=ZDdkNTZiNTM= сонымен қатар мына  телефондар арқылы: 8 (7232) 54 48 21, 8 (7232) 21 55 19, сот 8 7778568260.

    30 қаңтар күні әдістемелік  апталық барысында педагог-тәрбиешілер: «Мектеп-интернатта өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында семинар-практикум өткізді
    30.01.2023

    30 қаңтар күні әдістемелік  апталық барысында педагог-тәрбиешілер: «Мектеп-интернатта өзін-өзі оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

    Семинар тақырыбы бүгінгі таңда өте өзекті. Қысқа уақыт ішінде өте үлкен көлемдегі материал беріледі – бұл үлкен плюс. Артық ештеңе жоқ, Барлық жүргізілген жұмыстар  тек семинар тақырыбы бойынша болды. Жағымды, еркін қарым-қатынас және сұрақтар қою және сауатты жауаптар алу мүмкіндігі жасалған. Дидактикалық ойындар мен релаксация, түзету жаттығулары өткізілді. Ұстаздар ұжымына бір ғана тілек бар  – мұнымен тоқтап қалмай, тек алға ұмтылу!

    30 қаңтар күні  педагог-тәрбиешілірдің мектеп-интернатта өзін-өзі оқытудың  әдістемелік апталығының ашылу  салтанаты болып өтті.  
    30.01.2023

    Мектеп – кеме, Білім — теңіз,
    Барар жолға тез жетеміз.
    Адаспаймыз ұлы жолда
    Ұстаз берген білім қолда.

    30 қаңтар күні  педагог-тәрбиешілірдің мектеп-интернатта өзін-өзі оқытудың  әдістемелік апталығының ашылу  салтанаты болып өтті.

    Өмір — теңіз, тағдыр — кеме, ал кемең суға батпас үшін өз тобыңда өзің капитан болуың керек. Балаларға білім мен тәрбие әлеміне бастайтын қызықты сапарда сәтті жүзуді, шексіз әрі сапалы жетістіктер мен табысқа жетуді тілейміз! «Қазыналы аралдар» құпиясын бәріміз бірге ашайық!

    Қаңтар айында тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу жарысы өтті
    25.01.2023

    Қаңтар айында тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу жарысы өтті, оған облыс, республиканың неше дүркін чемпионы _Қилыбаева Гульжан Хамитовна, Нуксарина Айгуль Айдарбековна, Жумаділов Болат Шәкейұлы, 10дүркін әлем чемпионы, бапкер, ардагер тоғызқұмалақшы және кәсіпқой тоғызқұмалақшылар: Шәку Семей және көптеген тоғызқұмалақ сүлейлері өнерлерін паш етті. Бұл үлкен іс-шараға «Ақ ниет» мектеп-интернатынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жалаушинова Л.М. әуесқой ойыншы ретінде қатысып, керемет әсер алып  қайтты.

    Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын жас ұрпақ арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу деген сөз.

    Ұстаздан шәкірт озса игі іс дегендей, қанашама кәсіпқой ойыншылардың жас шәкірттері керемет ойын көрсете білді. Егемен еліміздің бүгінгі жастары ата-бабадан қалған алтын мұраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді ойындармен теңестіріп, ұлттық құндылықтарды, қазақ халқының киелі өнерін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз деп таныса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

    Мектеп жоспарына сәйкес 06.01.2023 ж. педагогикалық кеңес өткізілді
    16.01.2023

    Мектеп жоспарына сәйкес 06.01.2023 ж. педагогикалық кеңес өткізілді. Педкеңесте ІІ тоқсан мен І жартыжылдық оқу және тәрбие бағдарламасының тыңғылықты орындалуы айтылып өтті. Тәрбиеленушілердің  білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша қосымша жұмыстар тізбегі беріліп, қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. ІІІ тоқсанға жоспарланған оқу және тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар бекітілді.

    Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Мектеп-интернаттағы үйірмелер және тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастыру  — тиімді әлеуметтендіру құралы».  Бүгінде үйірме атаулының сан түрі бар. Әлбетте сұраныс болғаннан кейін ұсыныс та көбейіп келеді. Жеткіншектің бос уақытын ұтымды пайдалану, бойда ашылмай жатқан сан қырлы талантты ұштап, өрбітуге мүмкіндік беретін тәрбие жолы десек қателеспейміз. Уақытты тиімді өткізу әсіресе бала тәрбиесінде өте маңызды. Баланың уақытын қалай басқарған жөн? Оны қандай үйірмеге берген дұрыс? Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіліп, ұсыныстар жасалды.

    11.01 – Халықаралық алғыс айту күні»
    16.01.2023

    1. Сурет байқауы: «Сиқырлы сөздерді білемін» (0-4кл)

    2. Эссе: «Ата-анама алғысым шексіз» (5-8кл)

    2022 жылдың 27 желтоқсанында «Ақ ниет» мектеп-интернатында бастауыш сыныптар арасында  жаңа жылдық шырша өтті
    28.12.2022

    2022 жылдың 27 желтоқсанында «Ақ ниет» мектеп-интернатында бастауыш сыныптар арасында  жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік шара жылы, шынайы атмосферада болды. Сондай-ақ, әдемі би мен әндер, қызықты ойындар ұйымдастырылып, тақпақтар айтылып,  көптен күткен Аяз ата мен Ақшақар келді.

    Қонақтар легін бастап келген «АМАНАТ» партиясының жауапты хатшысы Жұмаділова Сайрангүл Ахметкәрімқызы балаларды құттықтауға жылы лебізімен бірге бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табыс етті!

    Балаларды келе жатқан Жаңа жылымен құттықтаған әлеуметтік серіктестеріміз «ForteBank» АҚ және «Береке Банк» АҚ алғысымызды білдіреміз! Олар балаларға көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, сонымен қатар тамаша сыйлықтар сыйлады!

    25 желтоқсан күні жаңа жылдық әкім шыршасы салтанатты түрде өтіп, түрлі-түсті шоу-көрсетілімдер мен ойын-сауық ұйымдастырылды
    28.12.2022

    25 желтоқсан күні жаңа жылдық әкім шыршасы салтанатты түрде өтіп, түрлі-түсті шоу-көрсетілімдер мен ойын-сауық ұйымдастырылды. Облысымыздағы балаларға арнап мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлерінің қатысуымен жоғары деңгейде мерекелік бағдарлама өткізілді. Дарынды балалар шығармашылық ұжымдары өздерінің әртүрлі мерекелік нөмірлерін жарқырата орындап берді. «Ақ ниеттің» тәрбиеленушілері шыршаның барлық қонақтарымен бірге Аяз ата, Ақшақармен, сондай-ақ өткен және алдағы келер жылдың символдары — Жолбарыс пен Қоянға қосылып әдемі би биледі. Әрбір қатысушыға 150 000 теңгенің сертификаты табыс етілді, ол ақша ата-анасының жеке шотына аударылады.
    Балалардың жүзінен күлкі кетпеді, барлығы естелікке керемет фотосуреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйге қайтты. Барлық балаларды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтаймыз! Бала жүректегі сиқырға сенім жоғалмасын!

    Рақмет, саған Әліппе!
    26.12.2022

    1 желтоқсан күні 1 «Ә»  -сынып оқушыларының «Рақмет,саған Әліппе!»атты Әліппемен қоштасу  ертеңгілігі өтті. Осыдан 4  ай бұрын келген оқушылар бүгінде 42 әріпті меңгеріп, оқи алатын және жаза алатын нағыз оқушы атанды.

    Мерекелік іс-шараға ұстаздар, мектеп директоры Светлана Каримуллаевна,  оқу ісінің меңгерушісі Лира Мұхаметкановна қатысып, оқушылардың білімі мен өнерлерін тамашалады. Балаларға ақ жол тіледі!

    21 желтоқсан күні 1 «Ә»  -сынып оқушыларының » Рақмет,саған Әліппе!»атты Әліппемен қоштасу  ертеңгілігі өтті
    26.12.2022

    21 желтоқсан күні 1 «Ә»  -сынып оқушыларының » Рақмет,саған Әліппе!»атты Әліппемен қоштасу  ертеңгілігі өтті. Осыдан 4  ай бұрын келген оқушылар бүгінде 42 әріпті меңгеріп, оқи алатын және жаза алатын нағыз оқушы атанды.

    Мерекелік іс-шараға ұстаздар, мектеп директоры Светлана Каримуллаевна,  оқу ісінің меңгерушісі Лира Мұхаметкановна қатысып, оқушылардың білімі мен өнерлерін тамашалады.

    Страница 11 из 18« Первая«...910111213...»Последняя »

    ШҚО ББ "АҚ НИЕТ" МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ" КММ

    Главная Новости О нас Контакты